Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дүниежүзілік Жер күніне арналды - АРҚА АЖАРЫ

Дүниежүзілік Жер күніне арналды

Облыстық білім басқармасының жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы дүниежүзілік Жер күніне арналған экологиялық мұражайлар фестивалін өткізді.

Фестиваль балалар мен жасөспірімдерді қоршаған табиғатқа бей-жай қарамауға бағыттап, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, әр түрлі дәстүрлі емес (қажет емес) материалдардан жасалған қолөнер байқауына қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Облыстық экологиялық мұражайлар фестивалінеөңіріміздің Аршалы, Ақкөл, Атбасар, Біржан сал, Бурабай,  Ерейментау, Жақсы, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беру мекемелері, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы, техникалықжәне  кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.

Байқауға экомұражайлардың жұмыстары бейне және фото түрінде ұсынылды, онда экспонаттар түрлі техникада орындалған әртүрлі дәстүрлі емес материалдардан жасалған бұйымдар болды. Фестиваль қатысушылардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыруға, сондай-ақ бұдан былай мақсатына сай қолданылмайтын заттарды қайта пайдалануға көмектесті. Балалар керексіз заттарды дұрыс қолдана білуді және үйлеріндегі қоқыстарға екінші өмір сыйлап, тұрмысқа қажет бұйымдар жасап, қолданысқа енгізді, керексіз заттарды «керек» қылып үйренді. Олар енді қоқысты полигонға тастаудың қажеті жоқ екенін, өйткені импровизацияланған материалдардан түпнұсқа қолөнер жасауға болатынын түсінді.

Қалдықтардан жасалған қолөнер – бұл адамдарды шығармашылық тұрғыдан ойлауға, табиғатқа ұқыпты қарауға, экологияны сақтауды ойлауға тәрбиелейді, шеберлік дағдыларын дамытады, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Облыстық экологиялық мұражайлар фестивалінің қорытындысы бойынша Атбасар қаласының №5 жалпы орта білім беретін мектебі бірінші орынды жеңіп алды. Степногорск қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы №2 жалпы орта                   білім беретін мектебі мен Аршалы ауданының Арнасай  ауылы мен Жақсы ауданы Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Ал, Сандықтау ауылындағы қиын өміржағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы арнайы сыйлыққа ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды Зеренді ауданыныңШағалалы селосының жоғары агротехникалық колледжі иеленді. Бурабай ауданы Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі және Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының «Колледж- мектеп-интернаты» іс-шараға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарын иеленді.

Экологиялық фестиваль жеңімпаздары білім басқармасының дипломдарымен және микроскоптар, чемодандағы зертханалар, ұйықтайтын қаптар сияқты естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жұлдыз ӨТЕБАЕВА,

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі,

өлкетану және экология орталығының әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар