Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сатып алу басым - АРҚА АЖАРЫ

Сатып алу басым

2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында   Ақмола облысы бойынша Кедендік Одаққа мүше  елдермен 286,3 миллион АҚШ доллары көлемінде сауда-саттық жасалған. 

Оның  ішінде экспорттың үлесі 85,8 миллион, ал, импорттың үлесі 200,5 миллион долларды құрап отыр. Сондай-ақ, Ресей Федерациясымен арадағы тауар айналымының көлемі 90,9 пайыздан асып түсті. 
Кедендік Одақ елдеріне экспортқа жіберілетін тауарлардың едәуір бөлігін подшипниктер (30,3 пайыз), кен және бағалы металдардың концентраты   (15,2 пайыз), қара металл өнімдері (8,5 пайыз), пластмасса және одан жасалған бұйымдар  (3,6 па-
йыз) құрайды.
Импорт тауарларының жалпы көлемнің едәуір бөлігін пластмасса және одан жасалған бұйымдар, қоспасыз темір және қоспаланған болат, ұшу аппараттары, көлік және жүзу құралдары, көлікке жататын жабдықтар мен құрылғылар,   органикалық емес химиялық өнімдер, бағалы металдардың органикалық емес қоспалары мен органикалық қоспалары, сирек кездесетін  металдар, радиоактивті элементтер немесе изотоптар, тракторлар,  азық-түлік тауарлары, соның ішінде ет және шұжық өнімдері,  қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер құрап отыр.  

Ақмола облыстық статистика
 департаментінің материалдары
 бойынша дайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар