Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған жаңа саябақ - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған жаңа саябақ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының Веселое ауылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті жақындатқан соғыс ардагерлеріне арналған Жеңіс саябағының ашылуына қатысып, сөз сөйледі.

–Бұл мемориалды ескерткішті аша отырып, бізге Жеңісті сыйлаған майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетудеміз. Уақыт зымырап, жыл өткен сайын сол сұрапыл жылдардың куәгерлері келместің кемесіне мініп, олардың естеліктерін бейбіт аспан астында қалған жауынгерлердің немерелері мен шөберелері сақтап келеді, – дей келе облыс әкімі Ермек Маржықпаев Веселое ауылы тұрғындарының да фашизммен күреске қосқан орасан еңбектерін атап өтті. Сол бір сұрапыл жылдары аталмыш ауылдан майдан даласына 230 жауынгер аттанып, тек 67-сі ғана туған жеріне аман-есен оралыпты.

Жеңіс саябағы мен монумент ағайынды Марат пен Бағдат Оразалиндердің бастамасымен ашылып отыр. Олар ­– Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек Ері Байдалы Оразалиннің немерелері. Бүгінде ауылдың орта мектебі олардың майдангер аталарының есімімен аталады екен.

­–Соғыс деген зұлмат біздің отбасымызды айналып өтпеді. Бала кезімде мен атамыздың майдан даласындағы ұрыстары мен жауынгерлік өмірі туралы әрбір сөзін құлағыма құйып өстім. Содан болар, мен мамандық таңдар кезде ойланбастан әскери қызметті таңдадым. Зейнет демалысына шыққан соң, атам тұрған туған ауылыма қайтып оралдым. Қазір атам салып кеткен сара жолмен жүріп, оның бастаған ісін жалғап келемін, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосудамын ­– деді запастағы полковник, «Байдалы ­–2 СХП» ЖШС-нің басшысы Марат Оразалин.  ­–Мемориал ашу туралы ой бұрыннан мені толғандыратын еді, оның іске асқанына қуаныштымын.

Облыс әкімі Марат Оразалиннің қоғамдық қызметіне ерекше тоқталып, оны Құрмет Грамотасымен марапаттады. Бұдан соң, өңір басшысы Веселое ауылы ардагерлерінің аруағына тағзым етіп, жаңа мемориал мен Байдалы Оразалиннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар