Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Соғыстың соңғы сарбаздарының бірі еді - АРҚА АЖАРЫ

Соғыстың соңғы сарбаздарының бірі еді

Бүгінгі біздің әңгімеміз күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың соңғы солдаттарының бірі де бірегейіне айналып, күні кеше 100 жасқа қараған шағында  о дүниеге аттанған, кейінгі сегіз жылда Көкшетау қаласында тұрған майдангер атамыз Есқожа Итжанов хақында өрбімекші.

 Биыл міне, қанды соғыстың аяқталғанына 77 жыл өтсе де,сол майдан даласындағы сұрапыл сәттер санасын улап, жанын жаралаған жанның бірі – Есқожа Бегәліұлы еді. Ол 1926 жылы Зеренді ауданында дүниеге келген. Отан үшін кеудесін оққа төсеген ержүрекжерлесіміз 1941 жылы Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылынан әскер қатарына аттанады. Екінші Беларус майданы құрамында қиян-кескі ұрыстарға қатысып, Берлинді алуға ат салысқан. Соғыс аяқталған соң Польша жеріндегі әскери  бөлімде 1950 жылдың басына дейін қалтқысыз қызмет етеді.  Одан әрі өзінің туып өскен жері Зеренді ауданының орталығында еңбекке араласқан. Алдымен, механизатор, мал шаруашылығында істеп, зейнет жасына дейін Айдарлы ауылында еңбек көрігін қыздырған жандардың бірі. 1953 жылы Қалима Сарықызымен отбасын құрып, 10 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Балаларының бәрін де ел қатарынан қалдырмай оқытып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қарт майдангер соңғы жылдары соғыс салған жарадан денсаулығы сыр беріп, төсекке таңылған болатын. Алайда, Жеңіс күніне бір-екі күн қалғанда  қарт майдангер  көз жұмды. Оның көзі тірісінде  өзін күтіп-бағып қызы Әлия бізбен ойын былай деп бөліскен болатын.

– Анамыз Қалима Сарықызы көзі тірісінде «Зеренді» совхозында зейнетке шыққанша еңбек етті. 1996 жылы о дүниелік болды. Қара шаңырақта отырған әкеміз 2014 жылы Көкшетау қаласының орталығына қоныс аударды. Әрине, әкеміз үшін анамыздың артында қалу оңайға соқпады. Содан бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Қазір әкемнің көзі көріп, құлағы естуден қалған. Бірақ, ол бар есін жоғалтты деп айта алмаймын. Қазір мен сол әкемнің күтімімен жұмыстан қол үзіп, барынша жағдайын жасап отырмын, – деп әңгімелеген болатын майдангердің қызы Әлия Есқожақызы.

Бүгінде соғыстың соңғы сарбаздарының біріне айналған майдангердің 12 немересі, 9 шөбересі бар. Ол екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері, «1945 жылы Германияны жеңгені үшін»,  «Берлинді алғаны үшін», «Кеңес Армиясы мен флотына 30 жыл», «Совет Одағының маршалы Г.К.Жуков» және басқада көптеген мерекелік медальдармен марапатталған, Кеңес Одағы кезінде социалистік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Қарт майдангердің қан құйлы соғыстағы қасіретті күндері, ұрпағының болашағы мен бейбіт өмірі үшін күрескен жалынды жастық шағы өскелең ұрпаққа өнеге болып өрілмек. Бүгінде қан майданнан тірі оралып, күні кеше Жеңіс күнінің қарсаңында көз жұмған соғыстың соңғы солдаттарының біріне айналған Есқожа Итжановтың топырағы торқа болып, жаны жәннатта болсын демекпіз. Иә, әке ұлағатын көріп, күтіп-баққан қызы Әлияға сабыр мен өнегелі өмір нәсіп етсін дейміз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар