Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк - АРҚА АЖАРЫ

Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк

Көкшетау қаласындағы № 17 мектеп-гимназиясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына және Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай, «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.

Көкшетау қаласындағы № 17 мектеп-гимназиясында жеті жылдан бері «Мәншүк» атты қыздар клубы жұмыс істеп келеді. Оның құрамында 40 қыз және 10 ана бар. Клубты облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жәзиева басқарады.

Клуб жасөспірім қыздарды ұлттық дәстүр негізінде болашақта отбасының сақтаушысы, адал жар, ардақты ана болуға тәрбиелейді. Мұнда аналар қыздарды үй шаруасының қыр-сырына, жақындарына қамқор болуға, балаларды дұрыс тәрбиелеуге үйретеді.

Жеңіс күніне орай, аталмыш клуб мектепте «Қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк» атты тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырды. Онда жиналған қауымның назарына Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз, пулеметші, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова туралы бейнефильм ұсынылды. Клуб мүшелері майдангердің балалық шағы суреттелетін «Мәншүк пен анасы» және «Мәншүктің майданнан жазған хаты» атты театрландырылған қойылымдар көрсетті. Бұдан соң қыздар клубының жетекшісі Айнагүл Жәзиева батыр қыз туралы жан-жақты айтып берді.

Жиынға қатысқан «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойшин және облыс орталығындағы «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қарлығаш Жұмабекова аталмыш клуб туралы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, жұмыстарына оң бағасын берді. Іс-шара мектеп қабырғасындағы  қыздар  клубының бөлмесін тамашалаумен аяқталды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар