Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа реформалар халықтың ойынан шығуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа реформалар халықтың ойынан шығуы тиіс

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ернар Баспаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында болып, референдумға қоғамдық қолдау көрсетіп жүрген республикалық штаб мүшелерімен кездесті. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов қатысты.

«Болашақ» сарайында өткен кездесуде штаб мүшелері мен қоғам белсенділері Ата Заңға енгізілетін өзгертулерді және аймақтың дамуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Президент белгілегеніндей, Конституцияға енгізетін өзгертулерге байланысты бүкілхалықтық дауыс беру 5 маусымда өтеді. Ал, оған дейін ел тұрғындарына еліміздің басты заңына енгізілетін өзгертулер мен түзетулердің мәні мен мағынасы түсіндіріледі. Мұндайда өз ісін білетін сала мамандары сауатты ақпарат беруге міндетті. Бүгінгі күні Жаңа Қазақстанның іргесін нық қалау үшін әділеттілік талап етілуде. Сондықтан, референдум халық еркіндігінің көрінісін көрсетуі тиіс.

–Мұның барлығы уақыттың еншісінде. Ертең Конституцияға өзгертулер енгізілген соң, бірден бәрі өзгеріп кете қоймайды. Тағы да түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет болады. Баршамыз ізденіп, ілгері басуымыз керек. Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік жағдайына, қимыл-әрекетіне қарап, түрлі топтарға бөлудің қажеті жоқ. Біз барша халыққа бірдей қарауымыз керек, –деп атап өтті өз сөзінде Мемлекет басшысының көмекшісі Ернар Жеңісұлы.

Ата Заңға енетін өзгерістердің қатарында жер менің оның байлығы халықтың меншігі деген жол бар. Жұртшылықтың, әсіресе, шаруалардың алға тартатын мәселесі де осы. Жиын барысында аталмыш тақырып кеңінен талқыланып, түсіндірілді.

–Ақмола облысы негізінен аграрлы аймаққа жатады. Халықтың басым бөлігі ауылда тұрады. Ауыл халқымен кездессеңіз, олардың ойлайтыны да, күйттейтіні де жердің қамы. Жалпы, халық қазір референдумға қарсы емес, бірақ, халыққа жақыны өзінің жайлы жері мен малы ғой, –дей келе, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Аманай Сейітқасымов тарихшы ретінде Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бергі 30 жылда орын алған реформаларға, әсіресе, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланғалы халық игілігіне оң ықпалын тигізген шараларға пікірін білдіріп, соңғы енгізілгелі отырған саяси жаңалыққа оң бағасын берді.

Еске сала кетсек, ел тарихында алғашқы референдум, яғни, бүкілхалықтық дауыс беру 1995 жылы өткізілген болатын. Ал, өткелі отырған бұл референдум рет саны жағынан екінші болып табылады.

Жиынға қатысқан медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты Серік Аяғанов, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов, Ақмола облысындағы «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Закирьянов референдум жайлы пікір, көзқарастарын айтып, штаб мүшелері халыққа бүкілхалықтық дауыс берудің мән-маңызын түсіндіріп, насихаттау бойынша атқарып жатқан жұмыстары жөнінде есеп берді.

Ырысалды ШАМШИЕВА,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар