Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Құттықтаулар - АРҚА АЖАРЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Құттықтаулар

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күнді үміт пен бейбітшіліктің жарқын мерекесі ретінде атап өту көпұлтты еліміз үшін жақсы дәстүрге айналды. 1 мамыр – барша қазақстандық ұрпақтың сабақтастығы мен біздің қауымдастығымыздың белгісі. Дәл осы күн жылдар бойы сақталып, тамырын тереңге жайған достығымыздың, бауырластығымыздың айқын көрінісі іспетті. «Бір ел – бір тағдыр» қағидасына негізделген келісім мен халық бірлігі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік саясатының іргетасы саналады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасымыз: «Еліміз-дің Тәуелсіздік тарихы татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің, мызғымас бірліктің жылнамасы. «Байлық та, бақыт та бірлікте» дейді халқымыз. Қазақстанның әлемге сыйлы, бай-қуатты мемлекет болуына татулығымыздың тұтқасы Ассамблея зор үлес қосып келеді. Мен қоғамның барлық салаларында жемісті еңбек етіп жүрген сан түрлі этнос өкілдеріне зор ризашылығымды білдіргім келеді. Қай ұлттың өкілі екенің маңызды емес, ең бастысы – азаматтық. Азаматтық мемлекеттің барлық азаматтары бір заң мен Конституцияға бағынатынын, соған сай өмір сүретінін білдіреді», – деп атап өтті.
Заман ағымына қарамастан, этнос-аралық келісім мен толеранттылықты сақтап қалғанымызды мақтан етуіміз керек. Бүгінде  саналы таңдауымыздың жемісін көрудеміз. Бейбітшілік пен тұрақтылық біздің басты байлығымыз болып табылады. Әр ұлттың салт-дәстүріне, тіліне құрметпен қарайтын ел әлемдік қауымдастыққа достық пен келісімнің жарқын үлгісін көрсете алады.
Біздің мемлекетімізде түрлі конфессияның өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Мешіттер мен православиелік шіркеулердің өзара түсіністікте жұмыс істеп келе жатқаны да ұлтаралық келісімнің нәтижесінде екені рас. Қазақстанда осы күні 130-дан астам ұлт бар болса, соның ішінде біздің облыс басқа өңірлерге қарағанда ең көпұлтты аймақ саналады. Бірлікті, достықты одан әрі нығайту баршамыздың міндетіміз.
Қадірменді жерлестер! Сіздерге отбасылық береке, денсаулық, бақыт, істеріңізде табыс тілеймін. Аспанымыз әрдайым ашық болсын. Тәуелсіз Қазақстанымыз өсіп-өркендей берсін демекпін. Мереке құтты болсын, қымбатты ақмолалықтар!  
  Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі. 

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!  
Қазіргі уақытта бұл мереке біздің барлығымыз үшін ерекше маңызға ие. Біз өз еліміз бен ертеңгі күнге деген сенімділік үшін ұлттық бірлікті сақтаудың маңыздылығына тағы да көз жеткізіп отырмыз.  Барлық этностардың келісімін негізге алып отырған қазақстандық жол ұлттық табыстың шынайы эталоны болып табылады. Біздің еліміз барлық әлемдік қауымдастыққа достық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр.  
Үстіміздегі жылы өткен кезектен тыс Парламент Мәжілісіне және мәслихаттарға депутаттар сайлауы осының айқын айғағы болды. Әр азамат еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтуға, бес институттық платформаны жүзеге асыруға бағытталған, болашаққа ұмтылған өзінің нағыз патриотизмін және ұлттардың бірлігін көрсетті.  Бүгін бұл мереке әртүрлі ұлттар мен діндердің басын қосқан біз, қазақстандықтар, ортақ тарихи тағдыры мен ортақ болашағы бар біртұтас ел екенімізді еске салады.   
Сіздерге денсаулық, табыс, әр отбасына әл-ауқат және біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуін тілеймін!  
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.               

 

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерге қашанда нәтижелі істердің оралатыны белгілі. Осыған орай Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы
Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты тәуелсіз Қазақстанда мекендеген барлық ұлт пен ұлысты татулықта өмір сүруге үндеуде.  
Құрметті жерлестер! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Қазақстан халқының бірлігі күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Бір мақсат, бір ниетпен тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен жарасымды ынтымағының арқасында біз өз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға жуық кезеңінде әлем сүйсінерлік табыстарға жеткендігіміз тарихи ақиқат. Көпұлтты және көпдінді елімізді мекендеп отырған барлық ұлыстардың тең құқын қамтамасыз ете отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баршамыздың алдымызға зор міндеттер қойып келеді.
Жуырда ғана болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының қорытындылары бойынша «Мәңгілік Ел»  жалпыұлттық патриоттық актісі жарияланып, қабылданды. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы сессияда сөйлеген сөзінде тәуелсіздік, келісім, болашағы біртұтас ұлт ұғымдарының қазақстандық арманды жүзеге асыратын бір-бірімен өзара байланысты ұғымдар екеніне назар аударды. Қазіргідей әлемдік жаһандық дағдарыс дендеп тұрған шақта ел бірлігі мен ынтымағын сақтау барлық қазақстандықтардың басты әрі қастерлі  міндеті болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтып, әлемнің дамыған елу мемлекетінің қатарына қосылу жолындағы  Ұлт жоспарын орындауда және қазақстандық арманды жүзеге асыруда ақмолалықтар зор табысқа жете беретіндіктеріне сенімдіміз. Бірлік пен ынтымақ, достық пен татулық мерекесі құтты болсын!
Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар