Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаңғыбас иттерді атуға болмайды-мыс... - АРҚА АЖАРЫ

Қаңғыбас иттерді атуға болмайды-мыс…

Біздің ауыл мен өзге кез келген ауылдың ұқсастығы, бәрінде ит көп. Иесі бар иттерден иесіз қаңғыбас иттер мол. Бұл әрқайсымызға таңсық емес ақпарат. Кей ауылдастарымыз ит асырауға құмар. Ит асырағаннан кейін, ол ұрғашы болса әрине, күшіктейді. Қазіргі халықтың ахуалы белгілі.

Өзінің отбасын зорға асырап жүргенде, иттің күшіктерін асырамайтыны бесенеден мәлім жағдай. Демек, олар күшіктерді не істейді? Олар көздерін енді-енді тырнап ашқан күшіктерді ауыл маңындағыорман-тоғайға болмаса жыра, қуыстарға апарып тастайды. Көзін енді ашқан күшіктер өлместің қамымен ұзақ аң аулап, шамасы жеткенше оны-мұныны қорек етіп өседі. Солайша азайта алмай жатқан қаңғыбас итердің санына – сан, үйіріне – үйір қосылады.

Қаңғыбас иттер малдарға шапқаны түк емес. Әрі-беріден соң, балаларға шабады. Ондай фактілер жоқ емес, өте көп. Елімізде соңғы айларда тіпті бала өліміне дейін тіркелген.

Бұл бір ұсақ-түйек мәселе болып көрінер. Бірақ, қаңғыбас иттернеге осы уақытқа дейін өз шешімін таппай келе жатыр? Шешілудің орнына неге ушыға береді осы мәселе? Естеріңізде болса, 17 желтоқсанда Өскемен қаласына жақын «Крацинец» бау-бақша серіктестігінің аумағында, ит талап кеткен 6 жасар қыз баланың қазасы елді дүрліктірген шулы да даулы мәселелердің бірі болды. Дәл осы қанды оқиғадан кейін қаңғыбас итерді атуқолға алынған болатын. Одан қала берді, ақпандағы Тараздың тұрғынының «Персик» есімді итінің жантәсілім етуі естеріңізде болар. Неге итін қамап, иә болмаса қарғыбау тағып ұстамаған осы бір өзге ұлт өкілінің кесірінен иттерді ату тоқтап қалады?! Егер иттерді атуға тыйым салар болса, қаңғыбас иттердің өсіп-өніп, көбеюіне неге басқа бір бөгет, басқа бір амал ойлап тапаймыз?

Дәл осы көкейкесті сұрақтарымызбен облыстық ветеринария басқармасына хабарласқан болатынбыз:

–Ақпандағы Тараз қаласында ит ататын қызметкердің қолынан «Персик» атты ит мерт болғаннан кейін, ветеринарлық басқармадан ит ату функциясын алып тастаған. Соған байланысты біз қазіргі таңда қаңғыбас иттерді атумен шұғылданбаймыз, – деді Ақмола облыстық ветеринарлық басқармасының жетекші маманы Тұрсынтай Әбішев.

Алған жауабымыз осы болды… Қазір қаңғыбас иттерді атуға болмайды. Заңмен қорғалған. Мұндай болған күнде азайта алмай отырған қаңғыбас иттер көбейе беретіні сөзсіз. Қаңғыбас иттерді атпадық делік. Бірақ оның есесіне ит асыраудың талаптарын күшейту керек шығар. Неге әр итке салық салмаймыз? Әкімге дейін басы дауға қалған Тараздағы «Персиктің» иесіне бола қаңғыбас иттер мәселесін былай қойғанымыз қалай болар екен?!.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар