Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік пакет басымдыққа ие болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік пакет басымдыққа ие болуы керек

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов Біржан сал атындағы ауданға жұмыс сапарымен барып, онда әріптестерімен – облыстық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов және аудандық мәслихат хатшысы Серік Шәуеновпен бірлесіп бірқатар ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

«Қазгер-ҚҰС» ЖШС – аймақта ғана емес, Қазақстанда да құс еті мен жұмыртқа өндіретін ірі өндірушілердің бірі. Компания басшысы Борис Оздоевтің айтуынша, мұнда жылына 300 миллион дана тауық жұмыртқасы, 600 тонна ет өндіріледі. Кәсіпорынның жалпы ауданы – 23 га, өндіріс 25 мың шаршы метрге орналастырылған. Өндірілетін өнім Қазақстанның барлық аймақтарында сатылады және Қырғызстанға, Ресейге, Тәжікстанға, Ауғанстанға экспортталады. Жеке құрама жем өндірісі ұйымдастырылды, 500-ден астам көлік және арнайы техника қолданылады. Бірақ, барлық саладағыдай,  бұл кәсіпорында да құс өсірумен айналысатын мамандар жетіспеушілігі бар. Республикамызда құс өсіру саласына  бөлек мамандарды дайындайтын оқу орны тапшылық.

Талғат Тұрлыбекұлы қауіпсіздік техникасын сақтау, еңбек өнімділігін арттыру және жұмысшылардың орташа жалақысын көтеру қажеттігіне назар аудара отырып, бұл индикаторлар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында  көтерілгенін еске салды. Мамандарды дайындау үшін Т.Жүнісов жергілікті орта-арнайы және жоғары білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатуға кеңес берді.

***

Темір рудасын өндірумен және байытумен айналысатын «Өркен-Атансор» ЖШС-ның ұжымымен кездесуде Талғат Тұрлыбекұлы жұмыс жағдайлары, жалақы мөлшері, кәсіпорынның даму перспективалары, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы сұрады. Ғалым ретінде оны өндірістегі ғылыми және экологиялық аспект қызықтырды.

Компания өкілдігінің басшысы Петр Поляков түсіндіргендей, «Атансор» кен орнының темір кендерінің перспективалы қорлары 45 миллион тоннадан асады. Шикізаттың сапасын арттыру және тиеу алаңында тұрып қалуды болдырмау мақсатында кептіру кешені салынды, қосалқы тұрмыстық үй-жайлар және қажетті жабдық орнатылды. Кеніште техникалық, экологиялық пайдалану, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына жауап беретін жапондық, шведтік, ресейлік тау-кен жабдықтары қолданылады.

Қызметкерлер саны – 322 адам, орташа жалақы – 170 630 теңге. Талғат Тұрлыбекұлы атап өткендей, бүгінгі күн жаңа шарттарды талап етеді, сондықтан компания жұмысшылардың сұраныстарына сәйкес болуы үшін орташа жалақыны арттыру тетіктерін ойластыру қажет.

***

«Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС жобалық қуаттылығы жылына 2 миллион тонна, ағымдағы жылдың басынан бері мұнда 235 мың тонна өнім өндірілді.

Бұл туралы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовке Біржан сал атындағы аудан бойынша танысу сапары барысында компания басшысы Марат Ескендіров айтты.

Компанияда 540 адам жұмыс істейді, негізгі қызмет түрі – цемент өндірісі. Өнім тек Қазақстан нарығында ғана сатылмайды. Елдегі құрылыс қарқыны әзірге жұмыс көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Сонымен бірге, олар болашақ туралы ойлануға және жаңа нарықтарды іздеуге тырысады.

Компания жобалық қуаттылыққа (2 миллион тонна) әлі шыққан жоқ, 2021 жылы мұнда 723,5 мың тонна өндірілді. Кәсіпорынның басшылары инженерлік-техникалық мамандар жетпейтінін айтып біраз проблемаларымен бөлісті.

Талғат Тұрлыбекұлы компания басшылығы мен жұмысшыларға бірқатар сұрақтар қойып, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, лайықты жалақы мен әлеуметтік пакет басымдыққа ие болуы керектігін атап өтіп, бұл «AMANAT» партиясының сайлауалды программасында айтылғандай, өте маңызды бастама деп түіндеді. Инженерлік-техниқалық мамандарды, технологтарды Ш.Уәлиханов атындығы университетте даярлайтынын еске салып, Т.Жүнісов осы жоғары оқу орнымен тығыз байланыс жасауға көмегін ұсынды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар