Халыты кітап оқуға жұмылдыру кітапхана жұмысының басты бағыттарының бірі. 21 маусым күні қалалық қазақ үлгілі кітапханасы «Кітап оқитын аула» атты акция ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты, балалар арасында кітап оқуды дәріптеу. Сондықтан, тұрғын үйлердің аулаларында көшпелі кітапханалар ұйымдастырылды. Осы орайда, кітапхана қызметкерлері тұрақты оқырмандармен бірлесе отырып, көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ертегілер оқып, оның мазмұнын балалармен бірлесе талқылауды көздеді. Жазғы демалыс кезінде балалармен, қарттармен аулада кітап оқу арқылы кейінгі жастарға үлгі-өнеге көрсету. Оқырмандардың арасында жасы үлкен аға ұрпақтар Төкен ата мен Құмар ата жасөспірімдерге кітаптың адам өміріндегі рөлі мен әдеби мұраның құнды дүние екенін түсіндіріп айтып өтті. Балаларды кішкентайынан кітап оқуға дағдыландыру жұмыстары да қоса іске асырылды. Кино туындылар кітапты алмастыра алмайтыны бәрімізге хақ. Кітап қиялдауға жетелеп, ойлауға мәжбүрлейді. Акцияның соңында жас оқырмандарға сыйлыққа кітаптар тарту етілді.
Ботагөз ТӨЛЕПБЕРДІ,
қалалық қазақ кітапханасының қызметкері.
Көкшетау қаласы.