Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Егістік алқап тар дәріленуде, шөп шабылуда - АРҚА АЖАРЫ

Егістік алқап тар дәріленуде, шөп шабылуда

 Биылғы егін түгел егіліп, дән сіңіріліп болысымен, жаңбырдың да көп күттірмеуі жұртты елең еткізіп, қуантқаны кәміл. «Нан болса, ән де болады» демекші, егін бітік өсіп, қамбаға мол дән құйылса – ел ырысы.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленовтің айтуынша, жауын біркелкі болмағанымен,облыс көлемін түгел қамтыпты. Ол жауынның үлкен көмегі тиері сөзсіз.

Оған дейін де әрине, бүкіл тиісті агротехникалық шаралар уақытында, ойдағыдай жүзеге асырылған. Техника, адам күші, жанар-жағармайдан еш кедергі болмаған. Міне, жүргізілген осындай жұмыстардың арқасында  бүгінгі таңда егіннің өскіні 4 миллион 500 мың гектар жерде көрініп, 98 пайызды құрап отыр.

Осы күндері егістік алқапқа арам шөп өспеуі үшін дәрілеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Қазір2 миллион 359 мың гектар жер дәріленсе, ол 59,7 пайыз деген сөз. Жұмыс одан әрі жалғасуда. Диқандар жоғары өнім алу жолында бел шешпей еңбек етуде.

Сондай-ақ, өңірдің 8 ауданы қысқы мал азығын дайындауға, шөп шабуға кірісіп кеткен. Алда мал басына 1 миллион 285 мың тонна шөп дайындау міндеті тұр.

Ал, диқандарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе, егіндік алқапқа залалын тигізер киіктер екені рас. Газетіміздің 14 маусымдағы санында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың Егіндікөл ауданына келіп, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қоғам белсенділері қатысқан кеңес өткізген жазған едік. Онда мәселе сараланып, шешім шығарылатыны айтылған болатын. Енді кеше 24 маусым күні бұл тақырып бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде министр С.Брекешевтің  төрағалығымен, орталық мемлекеттік органдар, облыс әкімдері орынбасарларының қатысуымен осы мәселені қараған жиналыс болып өтті. Демек, енді министрлік шешімі жария етіліп, киіктен егінді қорғаудың жолдары қарастырылмақшы.

Еркеш Төлегенұлының айтуына қарағанда, егіннің бітік өсіп жетілуіне  бүгінгі таңда еш бөгет жоқ. Көктен жаңбыр жиілеп, ылғал жеткілікті бола түссе, әрине, нұр үстіне нұр. Диқандардың көтеріңкі көңіл-күйі, ерен еңбектері болашақ ырыздықтың мол боларына сендіреді.

                        Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,

                        «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар