Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, отырған табиғат анасын корғап айлау – барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғат қажеттілігі. Жер ана – бүкіл адамзатқа ортақ мерекелі мекен.
Аяулы туған жеріміздегі жайнаған гүлдер жайқалған шалғындар, теңіздей тілегей ормандар, сылдыраған бұлақтар, керіліп жатқан кең дала, күлімдеген күн – өміріміздің тірегі, қызығы, рахаты. Туған жердің әрбір тасына дейін қажетті, киелі, әулиелі. Сондықтан, сол құдіретті мекенімізді сүйе білейік.
Әр адам ежелден өз туған жерін, табиғатын сүйе, сыйлай, қадірлей білген. Қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлері оның тұрмыс жағдайымен, салт-санасы мен ырымына байланысты болған. Мысалы өзін-өзі сыйлайтын адам тұрған қонысын және өлкесін былғамайды, бүлдірмейді.
Табиғат байлығын орынды пайдалану керек. Оны орынсыз бүлдіруге, қыруға жол бермеу керек. «Менің өміріме жетеді» деген сөзге сүйену дұрыс емес. Біз өзіміздің қамымызды ойлап қана қоймай, келешек ұрпақтың да, өмір сүретін адамдар үшін де қамқорлық жасауымыз керек.
Жылдың ең ыстық күндері көпшіліктің демалысы, ал, балалардың жазғы демалысы басталды. Барлығының да қаланың күнделікті толастамас күйбең тіршілігінен, лас ауасынан бір сәтке болса да аулағырақ, табиғаттың мүлгіген аясына, таза ауаға кетуге аңсары ауып-ақ тұрады. Қазір орманды өрттен қорғау кезеңі. Біз көктем, жаз, күз айларында табиғат аясында дем алғанды ұнатамыз.
Дем алғаннан кейін тағам, оттың қалдықтарын, сусын шыныларын соңымыздан жинамай, ағаш ішіне, манайына тастап кетеміз. Сондықтан да, жасыл орман іші қалдықтар қоймасына айналады. Орманға дем алуға бара жатқанда табиғатты қорғай білсек, бірнеше жылда өсіп-жетілетін ағаш түрлерін, өсімдіктерді, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе аламыз.
Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін біліп, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы.
Көктем мезгілінде орманшылар Көкшетау каласының мектеп окушыларымен жаз айында орманды өрттен қалай сақтау керектігі туралы «Өрт қаупсіздігі ережелері», «Табиғатқа аяулы көзқарас», тағы басқа тақырыптар бойынша әңгіме, баяндама, диспут түрінде жұмыстар жүргізді.
Елдің бай болуы, құт-берекенің молдығы табиғатпен тікелей байланысты. Табиғаттың тілсіз жауы – өрттен сақтасақ, яғни, аялай білсек, оған үнемі қамқорлық жасап отыру әрбір азаматтың адамгершілік борышы және парасаты болмақ. Ойымды қорытындылай келе, құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары, сіздерден өтінерім, орманды өрттен, лас-қоқыстан сақтаңыздар!
ТӨЛЕГЕН Томанов.
«Бұқпа» ОШММ КММ
орман шебері.