Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағы бір жаңа емдеу орталығы - АРҚА АЖАРЫ

Тағы бір жаңа емдеу орталығы

Кеше Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназаровамен бірге Көкшетау қаласының  «Сарыарқа» шағын ауданындағы «Viamedis» серіктестігі салған жаңа медициналық клиникалық-оңалту орталығының ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. 

«Viamedis» клиникасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде салынған және ең озық технологиялық жабдықпен, емделушілерге арналған жайлы палаталармен және бассейнмен жабдықталған. Орталықтың өз емханасы бар. Облыс орталығының 2236 пациенті мен басқа өңірлердің тұрғындары аталмыш медициналық орталықта инсульттан, инфарктан, жарақаттардан және түрлі оталардан кейін жоғары білікті медициналық көмек алып, стационарлық оңалтудан өте алады. Орталықтың барлық бөлімшелері АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің танымал өндірушілерінің заманауи қондырғыларымен жабдықталған.

– Облыстың денсаулық сақтау саласында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Бүгінде өңірімізде жаңа емдеу мекемелері салынуда, жұмыс істеп тұрған емдеу мекемелері қалпына келтіріліп, заманауи медициналық технологиялар енгізілуде. Денсаулық сақтау жүйесі бюджетін жыл сайын ұлғайтудың арқасында медецина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығая, түсуде, – деп атап өтті өңір басшысы Ермек Маржықпаев. – Тағы бір жағымды жаңалық. биыл осы күзде Көкшетауда 630 орынға лайықталған көпбейінді аурухананың құрылысын қолға алуды жоспарлап отырмыз.

«Viamedis» компаниясы аймақтық медицинаның дамуына үлкен үлес қосуда. Мысалы, Степногорск қаласында халыққа білікті медициналық көмек көрсететін «Viamedis» емханасы жұмыс істейді. Болашақта осы компаниямен бірге Көкшетауда қант диабетін емдеу орталығын да салуды жоспарлап отырмыз, – деді өңір басшысы өз сөзінде. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова да сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. – Бұл нысанның бірегейлігі – өңір халқының денсаулығын жақсарту үшін жоғары технологиялық және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін барлық қызметтер бір ғимаратта орналасқан, – деп атап өтті ол.

–Бұл мемлекеттік  жекеменшік-әріптестік жобасы аясында осындай тың жобаларды қолға алып, ел игілігі жолында ілкімді істерді жүзеге асыруға болатындығының айқын мысалы, – деді ол жиында сөйлеген сөзінде.

Орталықта ми қан айналымының жедел бұзылуы, бас сүйек-ми жарақаттары, жұлынның зақымдануы, оның ішінде ауыр неврологиялық аурулары бар пациенттерді  оңалту үшін  барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, балаларға арналған оңалту бөлімшелері де жұмыс істейтін болады.  – Облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан, бұл бізге Степногорск пен Көкшетауда үш миллиардтан астам инвестиция салынған екі ірі жобаны іске асыруға мүмкіндік берді. Бізді алда да ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің орталықта жоғары білікті медицина мамандары жұмыс істейді. Барлығы да ел игілігі үшін. Алдағы уақытта да осы қарқынмен адал қызмет атқаруды басты мақсатымыз деп білеміз, – деді  «Viamedis» серіктестігі Бақылау кеңесінің төрағасы, «Денсаулық сақтау үздігі» Әсет Ахметов.

«Сарыарқа» мөлтек ауданы – жыл сайын жаңарып, жайнай түсуде. Жаңа мөлтек ауданда тұрғындар қатары көбейе түсуде. Себебі, жайлы тұрмыс үшін барлық жағдайлар жасалуда. Жаңа емхана да осының жарқын бір көрінісі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар