Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ауыл аманаты» жобасы: ауылдықтарға 2,5% жеңілдетілген несие берілмек - АРҚА АЖАРЫ

«Ауыл аманаты» жобасы: ауылдықтарға 2,5% жеңілдетілген несие берілмек

«Ауыл аманаты» жобасынан үміт мол. Ауылды жетілдіріп, халқын жұмыспен қамту үшін қаржылай қолдау көрсету жеткіліксіз.

Табысты одан әрі арттырудың жолын көрсету, жеке кәсіпкер ретінде дамуда кеңес беріп, қолдау көрсетіп отыру әлдеқайда тиімдірек болмақ. Міне, осы мақсатта үкімет бағдарлама түзіп те қойды. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын агро бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу болып табылады. Ал, «AMANAT» партиясы осы бағдарламаны жүзеге асыруға қолдау танытып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын қолға алып отыр.

Бүгін партияның мобильді тобы Степногорск қаласы жанындағы Бестөбе кенті мен Изобильное, Қырық құдық ауылдарында және Біржан сал ауданының Мамай, Бірсуат, Сәуле ауылдарында болып, тұрғындармен жүздесті. Ауыл халқы өздерінің табысын арттыруға бағытталған бағдарламаға оң көзқарас танытып, бұл бағытта өздерін қызықтырған сұрақтарын да алға тартты. Бұл әсіресе кооператив құруға қатысты болды.

Мәселен, Біржан сал ауданы Сәуле ауылының тұрғыны Ғиззат Шолақовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының барлығы бірдей кооператив құруға келіспеуі мүмкін. «Бағдарлама ауыл тұрғындарына өте пайдалы деп ойлаймын. 2,5%-бен несие алу тиімді. Кооперативке қосылудың да ұтымды тұстары бар.

Бірақ оған бәрі бірдей біріккісі келмейді деп қорқамын. Қосылатын да, қосылмайтын да адамдар бар. Егер қосылатын адамдар қасымда болса, кооперативке кірер едім. Кемінде оның құрамында бес адам болу керек деп жатыр ғой», -дейді жеке кәсіпкерлікке бет бұрған Ғиззат Шолақов.

Яғни, ол мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген азамат. «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы ауылшаруашылығына бет бұрып, бүгінде жылқы өсіріп, егін егуде. Ендігі ретте лизингкке техника алып, егістік алқабын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Партияның мобильдік тобының мүшесі, сарапшы Гүлсін Абдуллинаның айтуынша, «Ауыл аманаты» жобасының артықшылықтары көп. «Бағдарлама шынымен де халықтың табысын арттыруға бағытталған. Үкімет ауылдықтарға кооперативке қосылу арқылы кәсіптерін жетілдіруді ұсынады. Оның ұтымды тұстарының бірі, жеке кәсібінің тынысын кеңейту. Әсіресе, ауылшаруашылығы тауарларын өндіру саласында тиімді. Біріншіден, кооператив құру арқылы ауылдықтар мал азығы мен тұқымды және тыңайтқышты өз бағасына арзандау сатып алады»,- дейді ол.

Шынымен де, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша кооперативке біріккен ауылдықтар ауыл шаруашылығы техникасын лизингкке сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Инвестициялық субсидиялар бөлінеді. Оның үстіне, агроөнеркәсіптік кешенде тәжірибесі бар білікті мамандардан кеңестер беріледі. Кооператив мүшелерінің барлығының құқықтары тең болады. Кооператив құрудың 2017 жылғы тәжірибесі ескеріліп, әлдеқайда жетілдіріліп отыр. Сондықтан кооперативке бірігіп, табыстарыңызды арттыра аласыздар дейді сарапшылар.

Күш біріктіруге ауылдықтар да қарсы емес. Бірақ олар алдымен жайылымдық және шабындық жер мәселесі шешілсе дейді.
«AMANAT» партиясы келіп кетті ауылымызға. Көптен көп рахмет. Бірақ біздің ауылымызға бірінші кезекте мал жайылымы керек. Жер мәселесі шешілсе екен. Ал, бағдарламаға келсек, 2,5%-бен несие берілетіні, лизингкке техника алуға болатыны жақсы екен. Кооперативтер құрылады. Оған да жақсы қараймын»,- дейді Мамай ауылының тұрғыны Назырхан Қалмұрат.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар