Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шіркін, тағдыр, қандайсың!.. - АРҚА АЖАРЫ

Шіркін, тағдыр, қандайсың!..

 Үлесіңіз, жан ұстазым, Сіздің мықты,

Алдыңыздан есептердің бәрі шықты.

Үлкен бе, я кіші ме деп қарамай,

Өнегеңізді төктіңіз Сіз аямай!

Осыдан төрт жыл бұрын біз Ағаның 80 жылдық мерейтойын атап өтіп едік. Енді бүгін біз 84 жасында танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РАЕ академигі Қожабаев Қайыржан Ғабдоллаұлын мәңгілік, қайта оралмас сапарға шығарып салдық.

Кеше ғана арамызда күліп-ойнап, жарқылдап жүрген Қайыржан Ғабдоллаұлы ағамыздан қапыда айырылдық. Бір қанатымыз қайырылды. Өлім түгілі өкпеге қимайтын асыл ағамыз жайлы ендігі жерде естелік айтамыз деп кім ойлаған?!. Оның ғұмырдариясы – мәңгілік ағысқа ауысты… Алаш баласының аз ғана алтындай ғұмыры…

Қайыржан Ғабдоллаұлы Қожабаев 1938 жылы Омбы облысы, Есілкөл ауданы Кунчук ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолы 1962 жылы Петропавл педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіргеннен кейін, осы қаладағы №41 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. 1964-1965 жылдары Көкшетау қаласындағы №21 темір жол орта мектебінде математика және физика пәндерінің мұғалімі, 1965 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының элементарлық математика кафедрасының мұғалімі болып қабылданып, кейінгі уақытта осы аттас университеттің «Жоғары және орта мектеп дидактикасы» зертханасына басшылық етті.

Қ.Ғ.Қожабаев осы кезең аралығында аға оқытушылықтан профессорлық деңгейге дейін барлық баспалдақтан және әртүрлі қызметтен өтті.

1970-1975 жылдары физика-математика факультеті деканының орынбасары, 1975-1977 жылдары декан, 1977-1982 жылдарыалгебра, геометрия және математиканың сабақ беру әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, 1985 жылдан 1991 жылға дейін педагогикалық институттың дайындық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.1991-1994 жылдары оқу орнының студент жастардың тәрбие ісі бойынша проректор болды, кейін өзінің педагогикалық ойларын іске асыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарды. 1994-1997 жылдары математика және физика пәндерінен сабақ беру әдістемесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1985 жылы Мәскеу қаласындағы СССР АПН СиМО НИИ-да кандидаттық диссертациясын қорғады.

2006 жылы Алматы қаласында 13.00.02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика) мамандығы бойынша «Мектептегі математика курсының тәрбиелік-дамыту қызметін жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері және оған болашақ мұғалімді даярлау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Қ.Ғ.Қожабаев Қазақстандағы математика әдістемесін оқыту саласындағы ғалымдардың бірі болып табылады. Ол «Жоғары және орта мектеп дидактикасы» зертханасына басшылық еткен, Мәскеу, Новосибирск, Омбы, Тольятти, Ресей университеттері және Жешув политехникалық университеті (Польша), Лиепая тағы басқа университеттермен ғылыми байланыстар орнатқан ғалым ұстаз.

Атқарған зор  еңбектері үшін талай марапаттауға ие болды. 1970 жылы КСРО-ның Білім министрлігінің грамотасымен, 1972 жылы Көкшетау білім беру қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің грамотасымен марапатталды. 1980 жылы КСРО-ның жоғары білім үздігі төсбелгісі, 1990 жылы «Өте жақсы жетістіктері үшін» Ы.Алтынсарин атындағы медалі, 2007 жылы ҚР МОН-ның гранты, ЖОО-ның үздік оқытушысы,«ҚР білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды. Жыл сайын өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларкомитеті құрамына еніп, газет-журналдарда көптеген мақалалар жариялады.

Үнемі әріптестеріне, жас оқытушыларға үлгі болуға тырысты. Киген киімінің бір қыры сынбай, әдемі киініп жүруші еді. Осыған зайыбы Роза Қапарқызының үлесі зор. Енді марқұмға о дүниенің жарығын берсін, иманы жолдас болсын демекпіз. Құрметті Роза Қапарқызы! Көп жыл жасасқан жолдасыңыздан бір мезетте айырылып қалу өте қиын, әрине. Қайраттаныңыз, болаттай берік болыңыз!

Қайран өмір, қамшының сабындай-ақ,

Көзді ашып, ой, шіркін-ай, жұмғандай-ақ,

Біреу келіп, біреу өмірден кетіп жатыр,

Қалдырып жарқын ізін бастан-аяқ.

Математика, физика және информатика кафедрасының оқытушылар ұжымы марқұмның жан жарына, балаларына, немерелері мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Рашид МҰСАЙБЕКОВ,

 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің дәріскер-оқытушысы, академиялық доцент, жаратылыс ғылымдарының  магистрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар