Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыр жүлдесін еншіледі - АРҚА АЖАРЫ

Батыр жүлдесін еншіледі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Жеңіс күніне орай, Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, Мәлік Ғабдуллиннің жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан облыстық турнир болып өтті.

Көкшетау қаласындағы Бурабай спорт сарайында өткен облыстық турнирге 44 ер бала, 39 қыз бала қатысты. Еліміздің Әнұранымен басталған сайыстың ашылуында облыстық балалар және жасөспірімдер ұлттық спорт мектебімен бірге осы жарысты ұйымдастырған Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек сөз сөйлеп, тоғызқұмалақтың тәрбиелік мәнін, баланың ойлау қабілетін арттыруы-на тигізер пайдасы туралы айтып, бүгінгі турнирге қатысушы балаларға сәттілік тіледі. Ал, жоғарыда аталған ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Қойшин бұл ойынның ел арасында көптеп насихатталып жатқанын айтып өтті. Республикалық жарыстардың жүлдегері Мирас Сыздықов пен  Абай Сәбитовты, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған Әсет Рыспаевты және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Алтынсекер Шешханды ерекше атап өтті.
Турнирдің ережесі бойынша қатысушылар қыздар мен ұлдар болып екі топқа бөлініп, жас ерекшелігіне қарай үш аталым бойынша сынға түсті. 2001-2002 жылдары және 2003-2004 жылдары туған қыз балалар арасында Краснояр селосынан қатысқан Әмина Қалымбекова мен Әзиза Исламовалар бірінші орынды қанжығасына байлады. 2005 жылдан бері қарай туған қыздардың арасында бірінші орын Целиноград ауданынан қатысқан Ақмаржан Есхатқа бұйырды. 2001-2002 жылдары туған ер балалар арасында бірінші орынды Краснояр селосынан қатысқан Дамир Иманғалиұлы  иеленді. 2003-2004 жылдары туған балалар арасында бірінші орынды Краснояр селосынан қатысқан Әуес Сайлаубаев жеңіп алды. 2005 жылдан бері туған балалардың ішінде бірінші орынды көкшетаулық Мәди Белгібаев иеленді.    

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар