Алматы облысында «Қазқұтқару-2022» табиғи және техногендік сипаттағы ірі ауқымды төтенше жағдайларды жою кезіндегі азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдары бойынша оқу-жаттығулар аяқталды.
«Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылған шарада ақмолалық құтқарушылар кәсіби шеберліктерімен көзге түсіп, еліміздегі 16 команданың ішінен төртінші орынға тұрақтады.
Іс-шараның мақсаты – іздестіру-құтқару және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, апаттық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, кәсіби даярлықты жетілдіру және жарысқа қатысушылардың дене дайындығын тексеру.
Жарыс «Жартасты блок», «Темір жолдағы ЖКО» және «Химиялық апат», «Үйінді» және «Траверс жартасты блок» жартастарындағы іздестіру құтқару жұмыстары, акваторияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу сияқты кезеңдерді қамтыды.