Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Дәуір үні» әдеби кеш - АРҚА АЖАРЫ

«Дәуір үні» әдеби кеш

Көкшетау қалалық үлгілі қазақ кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған әдеби кеш болып өтті.

«Дәуір үні» атты  әдеби кеш өскелең ұрпақты көрнекті ақынның мол әдеби мұрасымен таныстырып, Сырбайша оқуға, Сырбайша жазуға, Сырбайша сөйлеуге баулып, туған елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімді арттыру мақсатында өткізілді. Мазмұнды кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы ғалым, ақын-жазушы, философия докторы Ерболат Баят, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, ақын-жазушы, журналист Серік Жетпісқалиев, Әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкерлері Нұрболат Әлменов пен Бахытбек Бекмұрат және Краснояр №2 орта мектебінің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадыра Махметова, аталған мектептің оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара ақынның сағыныш пен мұң-зарға толы «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнімен басталып, ақын-жазушылар Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарымен бөлісіп, мағыналы да мазмұнды әңгіме өрбітті. Соның ішінде ақынды көзімен көріп, алдында өлеңін оқып, батасын алған ғалым, әдебиеттанушы Ерболат Баятұлы:

­–Қазақ әдебиетіндегі кейбір ақын-жазушыларды зерттеп, зерделеп отырғанда олардың кісілік қасиеті жағынан кем-кетік тауып, сөз еткендерді кездестіреміз. Ал, Сырбай Мәуленов туралы бір де бір соңынан ерген сөз жоқ. Оның кісілік, адами болмысы мықты, өте қарапайым, адам болған. Ақындық сөз саптауы, суырып-салмалылығы мықты, экспромт тәсілге шебер болды, – деп, өзі ҚазМУ-дың студенті болып жүрген кезіндегі оқиғаларын оқырмандарға кеңінен, қызықты етіп суреттеп берді. Қаламгер Серік Сапарұлы да Сырбай ақынды өз көзімен көріп, кездесуде болған оқиғаларын жастарға тағылымды әңгімесімен жеткізіп, өлеңдеріндегі кейбір түйдек-түйдек жолдарды айтып берді.

Кеш қонақтары мен жоғарыда аталған мектеп оқушылары Сырбай ақынның өлеңдерін оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған  «Жыр жауһары» атты кітап көрмесімен танысты.

Жанар АЙТҚОЖИНА,
қалалық үлгілі қазақ
кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар