Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҚР Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу мәселесін пысықтауда - АРҚА АЖАРЫ

ҚР Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу мәселесін пысықтауда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі электр қуаты нарығында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер (Тендер) өткізу арқылы Көкшетауда ЖЭО салу мәселесін пысықтауда. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес электр станциясының мынадай техникалық көрсеткіштері көзделеді: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі жоба бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеуде. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 312 бұйрығымен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына тендер өткізу қағидаларының редакциясына сәйкес тендерді 2023 жылғы қаңтарда өткізу жоспарланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/172527/kaz).

Тендер өткізу туралы хабарландыру және тиісті тендерлік құжаттама Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында қосымша орналастырылатын болады.

ТЭН-де көрсетілген техникалық сипаттамалар бойынша толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтемеге өту арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-energo/documents/details/300776?lang=kk.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар