Бурабайда «тұмауратып» ұша алмай қалған бірқазан құтқарылды

– Ұша алмай әлсіреген бірқазан Бурабай курортының хайуанаттар бағына әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Burabay Damu орталығына сілтеме жасап.

9 қазан күні Александр Фуртин мен Александр Бряков есімді азаматтар Бурабай ауданы Баянбай ауылының маңынан әлсіреп ұша алмай жатқан бірқазанды тауып алған.

Олар аянышты күйге түскен құсты тастап кетпей, бірден Бурабай курортындағы зардап шеккен аң-құстар бағылатын хайуанаттар бағына әкелді.

Хайуанаттар бағының ветеринарлары бірқазанның жараланбағанын, қанаттары бүтін екенін анықтады. Бірақ қатты әлсіреген құстың ұшуға шамасы жоқ.

Оған алдын ала тұмау немесе вирустық ауру деген диагноз қойылып отыр.

Қазір бірқазан хайуанаттар бағының қысқы үйінде «тұрып жатыр».

Жергілікті ветеринардың мен басқа да қызметкерлер оған күтім көрсетеді. Биылғы қысты осы жерде өткізуге тиіс.

«Біз оның тезірек күш жинап қалпына келуіне, сөйтіп көктемге қарай үйіріне қосылып, ұшып кетуіне бар күшімізді саламыз» деп сендірді орталық.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар