Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бізбен тілектері бір еді - АРҚА АЖАРЫ

Бізбен тілектері бір еді

Алпыс шақты отбасы бар Ақкөл ауданының Амангелді ауылынан 105 азамат соғысқа аттанды. Солардың 56-сы елге оралмай, майдан даласында қалды. Майданға аттанғандардың ішінде ағайынды Халиулла мен Рахимулла Абулхановтар да болды.
Олар 1940 жылдың сәуір айында әкелері Сафиулла ақсақалмен Татарстаннан Қазақстанның Амангелді ауылына келіп қоныстаныпты. Сол кезеңде он бес шақты татар отбасылары көшіп келгеннен кейін ұжымшардың төрағасы Құлмағамбетов Бәуке оларға үйлер салғызып, бір көшені соларға арнапты. Сол көшенің орта кезінен Абулхановтар отбасы да үй алыпты. Үш-төрт айдан кейін әкелері қайтыс болады. Ол кісіні жерлеп, мұсылмандық шараларын өткізіп, жаңа жерде, жаңа елде енді дұрыс орналасамыз деп жатқанда екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді. Ағайынды Абулхановтар соғыстың алғашқы айында майданға аттанады. Көп ұзамай Рахимолла майдан даласында мерт болады. Халиулла Ленинград, Волхов, Украин, Прибалтика майдандарының құрамында соғысқа қатысып, ауыр жарақат алмай, 1945 жылдың желтоқсан айында елге оралады. Соғыста әуе қару-жарағының механигі қызметін атқарып, 1944 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.
Бұл кісі соғысқа кеткенде зайыбы Миниғаян үш кішкентай баламен, әлі танып үлгермеген қазақ ауылында қала береді. Өзі де қиыншылық көріп, онымен қоса, жергілікті тұрғындардың көмегімен үш баласын да аман-есен өсіріп, жұбайының майданнан келуін күтеді. Халиулла ақсақалды ауыл адамдары қысқартып Халла деп атап кетті.
Ол кісі елге аман-есен оралғаннан соң, бірден еңбекке араласыпты. Соғыстан кейінгі ауыр жылдарда ұжымшарда әртүрлі орта буын қызметтер атқарды. Зайыбы Миниғаян екеуі он бала тәрбиелеп өсірді. Ол балалардың әрқайсысы өмірден өз орындарын тапты. Бәрі де осы күні әртүрлі мамандықтың иелері. Олардың ішінде педагогтар, механизаторлар, әскери адамдар, тіпті бизнесмен де бар. Екеуі де сексен жастан асып дүние салды. Осы күні бұл кісілерден тараған 28 немере, 45 шөбере бар. Бір немересі Жәмила Астана-Опера театрының әншісі, шөбересі Лукас Германияның Дюссельдорф футбол командасының келешегінен үміт күтер жас ойыншысы. Шаңырақтың иесі болып, сол үйдің кенжесі Минсәбиль тұрып жатыр. Бұдан 76 жыл бұрын салынған үйді жаңартып, Минсәбиль соғыс ардагері Хамиулла Сафиуллаұлының атын өшіртпей, түтінін түзу шығартып отыр. Ерлі-зайыптылар Минсәбиль мен орыс қызы Татьяна елде жақсы беделге ие. Орнында бар оңалар деп ата-бабамыз осыны айтқан. Әкесі туралы көп мағлұматтар жинаған Астанадағы баласы Минтаир. Былтыр ауылда соғыстың 70 жылдығы аталғанда көп деректер  әкеліп, халыққа таныстырды.
Өткен ғасырдың қырқыншы жылдары Ресейдің бел ортасынан келіп, Қазақстанды екінші Отаны қылып, ұрпақтарын таратып кеткен Халиулла мен Миниғаян қарияларға жатқан жерлеріңіз жайлы болсын демекпін. Немере-шөберелері егеменді еліміздің ардақты ұл-қыздары болып, бақытты өмір сүре берсін!

 

     Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,
ардагер ұстаз.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар