Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алғыс арқалаған ұстаз - АРҚА АЖАРЫ

Алғыс арқалаған ұстаз

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің экономика факультетінің деканы Марал Әлкенова өзінің алғашқы еңбек жолын осы ордалы оқу орнынан бастаған. Яғни, оның еңбек өтілі оқу орнының тарихымен тығыз сабақтас.

Университетте жұмыс істеген жылдары ол «Аударма ісі» кафедрасының зертханашысынан кафедра меңгерушісінің орынбасарына дейін, соңғы жылдары экономика факультетінің деканына дейінгі еңбек сатыларынан өтті.Еңбекқорлығының арқасында ол өзін жеті жыл қатарынан кафедра меңгерушісінің ең үздік орынбасары ретінде де таныта білді. Оның бойындағы көшбасшылық қасиеттеріне университет басшылығы да назар аударып, оны басшылық қызметтерге тағайындады.

Он екі жылдан астам уақыт бойы ол экономика факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.500-ден астам студенттерді оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған ұжымды басқару оңай-оспақ шаруа емес. Сүйікті жұмысы үшін ол уақытпен санаспай, тыңғылықты еңбек етуге қашанда даяр. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша ол университет басшылығының ұйғарымымен жоғары оқу орнының үздік деканы атағына ұсынылды.

Марал Мәуиқызы – өз ісіне аса ыждаһаттылықпен қарайтын, өз әріптестері арасында жоғары беделге ие, кәсіби маман.

– Абырой биігінен көрінсем, алдымен Алланың алқауы деп білемін, – дейді Марал Мәуиқызы.  – Содан кейін, адамның өн бойында өзіне деген сенімділік, сәулелі сана,өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, кемелдікке ұмтылу сияқты қабілеттер болса, ол адам түптің түбінде бір белестен көрінері анық.

Иә, әр адамның ісі, айтар сөзі, сыры өз өмірінен хабардар берсе керек. Ұлағатты ұстаз Марал Әлкенова  былайғы өмірдеістің адамы, бос уәде бермейді, көмек немесе қолдау қажет болса, қолынан келгенінше қамқорлық танытуға тырысады. Әрқашан әділ шешім қабылдай біледі. Ол өзінің жұмыс қабілеттілігімен, оптимизмімен, өз ісін білуімен әріптестері, студенттері және олардың ата-аналары арасында үлкен беделге ие жан.

– Ғұмыр жолымды ұрпақ тәрбиесімен сабақтастырғанды өзіме бақыт санаймын. Себебі, мен үнемі ізденіс жолындамын. Жастар сияқты ойлауға, жастармен бір толқында болуға тырысамын. Оларға қамқор болып, қолдауды өз парызым деп білемін, – дейді өзі.

Ол жақсы декан ғана емес, сонымен қатар, ұлғаттыотбасының ұйытқысы болған, шаңырағын шаттыққа бөлеген ардақты ана, аяулы әже, үй шаруасын дөңгелетіп отырған қолы епсекті жан. Оның өмірдегі қуанышы мен бақыты  – ол өзінің шексіз сүйіспеншілігін беретін немересі.

Еңбек үшін басты марапат – бұл әрине, халықтың алғысы. Ол шынында да, адам жанының шипагеріндей, әрбір студенттің анасына айналған жанашыры бола білген, жүрегі мейірімге толы абзал жан. Бәлкім содан ба, ол әр студентінің есімін жатқа біледі. Олардың барлығына жанашырлықпен қарайды. Марал Мәуиқызының алдынан дәріс алған студенттер өздерінің құрметті деканын, тамаша адамды ешқашан естен шығарған емес. Кез келген мереке қарсаңында ұстаздарын еске алып құттықтап, рахметін айтып жатады. Биылғы  мерейтойы қарсаңында да сүйікті декандарын құттықтап, жылы лебіздерін арнауда. Біз де осы ақжарма тілектерге қосылып, ұлағатты ұстазға бар жақсылықты тілейміз!

Надежда МЕДВЕДЕВА,
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар