Мемориалдың ашылуына жүздеген адамдар қатысты: қаза тапқандардың туыстары, жақындары, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер, қоғам қайраткерлері, еріктілер.
Мемориал тек Қаңтар туралы ғана емес, жалпы Қазақстанның Тәуелсіздік пен Егемендігіне апаратын күрделі жолы туралы ескерткіш. Мемориал төрт эмоционалды-архитектуралық бөлікке бөлінген: ашық сұр түсті тас — жас мемлекеттің қалыптасуын білдіреді, қара бөлігі — қаңтар оқиғалары, сұр бөлігі – құрбандар мен төгілген қанның, адам қазасын білдіреді, ақ бөлігі – біздің тарихымыздағы барлық қайғылы сәттердің логикалық аяқталуы, халықтың бірлігі мен ынтымағының жеңісі.
Біз әрқайсымыз бірлікті жан-жақты нығайтып, әділеттілік қағидаттарын берік ұстанатын күшті және табысты ұлт боламыз. Әділетті Қазақстан құруға бет бұбұрдық.
Жарқайың ауданының қоғамдық кеңес мүшесі Карин Ш.А.