Сіздерге аналық алғысымды жеткізгім келеді. Қосшы қала аталғалы талай игі шаралар өтіп, көптің оң бағасын алуда.
Кеше ерекше қамқорлықтағы балаларға деп арнайы өткізген жаңа жылдық ертеңгілік соның бірі. Балапандарымызға тамаша көңіл-күй сыйлап, тәтті сыйлықтар үлестіріп, ерекше қуанып шықтық. Біздің балаларымызға деген қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамын. Мұндай игі шаралар алда да жалғасын тауып, бізде қоғамның ажырамас бір бөлігі екенімізді үнемі сезініп, алға сеніммен қадам басамыз деп сенемін.
Самұрат Қамай,
Қосшы қаласының тұрғыны, көпбалалы ана