Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дарабоз батыр Қабанбай - АРҚА АЖАРЫ

Дарабоз батыр Қабанбай

Ерлігімен, өрлігімен ел есінде қалған даңқты қолбасшы, батыр Қаракерей Қабанбайдың туғанына  биыл 330 жыл толды. Дарабоз бабамыз қолдан жасалған, әсіреленген тұлға емес, талғампаз тарихтың, салиқалы елдің бел баласы. Хақтың қазаққа тартқан ерекше сыйы. Абылай ханның өзі «Дарабоз» деп ат қойған, Бұхар жырау «Көкірек әулие» деп төбесіне көтерген, 103 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен баһадүр бабамыз қазақтың алып даласын ауыздықтан су ішіп, мұз жастана жүріп қорғаған. 

Ұлы тұлғаның есімі елімізге ғана емес, өзге мемлекеттерге де мәшһүр.  Қытай мен Түркия елінде тас мүсінінің қойылуы соның дәлелі. Қытайдың Іле аймағы Көлденең жайлауында 4257 метрлік биік шың «Қабанбай шыңы» деп  аталады. Ал, түркиялықтар тіпті Қабанбайды «мыңжылдықтағы бас батыр» деп таниды. Еліміздің әр өңірінде батырға арналған ескерткіштер қойылған.

Қаракерей Қабанбай батыр бабамыз қатерлі қиын заманда қазақ халқының әскери қолбасшысы болған, дұшпандардан Отанымызды, халқымыз бен жерімізді қорғап, береке-бірлігімізді нығайтып, ғасырлар бойы өшпес даңқты із қалдырған, өнегелі, теңдесі жоқ ұрпақтарға мәңгілік үлгі боларлық мемлекет қайраткері.Қаракерей сынды рухты батырлардың арқасында біз қазақ елі болып,  әлемге танылып жүрміз. Өмірін аттың жалында өткізген, қолынан қаруын тастамай, қайсар тірлік кешкен батыр бабаларымызды ұлықтау, олардың өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз.

Дарабоз бабамызды үлгі ете отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіру мақсатында  Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы батыр Қабанбайдың туғанына 330 жыл толуына орай,«Дарабоз батыр Қабанбай» атты history time өткізді. Шараға тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі Аманай Сейітқасымов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, PhD доктор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры Ерболат Баятұлы, Ақмола облысы тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Ғалия Қожаназарова және  Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 Ақмола облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының жоғары сынып оқушылары  қатысты.

Халқының азаттығына сүбелі үлес қосқан батыр есімін ұлықтап,  патриотизмді насихаттауға, өскелең ұрпақтың елдік, отаншылдық санасын қалыптастыруға қолдау танытқан құрметті қонақтарымыз  бабамыздың өмірі, батырлығы турасында тағылымды әңгіме өрбітіп, ұлы тұлғаның ерлік істерін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп айтып берді.

Оқушылар  өз кезегінде «Қабанбай батыр» жырынан үзінділер  оқып, батыр бабамыздың тұлғалық жағынан мықты батыр, ержүрек қолбасшы болып қалыптасуына әсер еткен ең маңызды шайқастары туралы білгендерін ортаға салды. Кітапханашымыз оқушыларды өздері ұйымдастырған мазмұнды көрмеден орын алған көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен жорық жылдары әңгіме болған тарихи шығарма «Дарабоз» романы, Қазақстанның барлық облыстары ұсынған батырлар туралыдеректер жинақталған А.Тасболатов пен Т.Мұсаевтың «Қазақтың хас батырлары» атты ғылыми-танымдық энциклопедиялық жинағы, қазақ әскері қолбасшысының өмірі мен күрес жолдары толық әрі әсерлі баяндалған Ш.Күмісбайұлының «Қаракерей Қабанбай» атты көркем суретті туындысы,  мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған «Тарихи тұлғалар» атты танымдық-көпшілік басылым,  Орталық Азиядағы ХV-ХІХ ғасырлар аралығындағы қоғамдық-саяси жағдай, тарихи тұлғалардың өмір жолдары қызғылықты баяндалған Т.Жұмаханов, Б.Жұматаевтың «Қазақ хандығы: Қазақстан балалар энциклопедияларымен таныстырды.

Сөйтіп, бұл күні оқушылар тәлімі зор, мән-мағынасы айрықша шараның куәсі болып, дарабоз батыр бабалары туралы тың деректермен танысты.

Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау орталық қалалық балалар  және жасөспірімдер үлгілі
 кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар