Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында ағаштарды заңсыз кесудің 8 дерегі тіркелді - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында ағаштарды заңсыз кесудің 8 дерегі тіркелді

– Ақмола облысында жыл басынан ағаштарды заңсыз кесудің 8 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының Полиция департаменті табиғат қорғау заңнамасы саласында тұрақты негізде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылы құқық бұзушылардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде 243 текше метр орман кесіліп, мемлекетке 1 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

15-31 желтоқсан аралығында өңір аумағында қылқан жапырақты ағаштардың жас өскіндерін заңсыз кесуді, дайындауды, тасымалдауды және сатуды болдырмау мақсатында «Шырша» республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Осылайша, жеке тұлғаларға орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 50 АЕК-ке дейін, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 100 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. 100 АЕК-тен астам сомаға залал келтірілген жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жалпы, акцияны өткізу кезеңінде ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша Ақмола полицейлері 10 құқық бұзушылықты анықтады, ӘҚБтК 381-1-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бойынша 3 әкімшілік хаттама толтырды. Жыл басынан бері «Шырша» акциясы аясында ҚК 340-бабы (Заңсыз кесу) бойынша 8 қылмыстық іс, 188-бабы (Ұрлық) бойынша бір қылмыстық іс қозғалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар