Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық сапалы ауыз суға әлі толық қол жеткізер емес - АРҚА АЖАРЫ

Халық сапалы ауыз суға әлі толық қол жеткізер емес

Ақмола облысында 2025 жылға дейін 177 ауыл таза ауызсумен қамтамасыз етілмек. Аталған мақсатта 68 ауылда су құбыры желілерінің құрылысы басталып, бүгінде 30 ауылда жобалық-сметалық құжаттамалар аяқталып қалған.

Қалған ауылдарда құжаттар әзірлену үстінде. Бұдан бөлек, тағы 72 ауылда сумен қамту үшін арнайы кешенді блок-модульдар орнатылады. Ал 37 ауылға сүзгілі ұңғымалар қазылып, су беру бекеттері қойылмақ.

Шалғай жатқан ауылдарды ауызсумен қамтамасыз етуді «Қуатты өңірлер – ел дамуы­ның драйвері» ұлттық жобасы бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыру жос­пар­ланып отыр. Мемлекет басшысы аталған бағдарламаға сәйкес 2025 жылға дейін барлық қазақстандықтарды 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз ету міндетін жүк­теген. Бүгінгі деректер бойынша, Ақмола облысы қалаларында тұр­ғындардың 95,3 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілсе, ауылды жерлердегі тұрғындардың қамтылуы 89,3 пайызға жеткен.

Тиісті ведомстволар ұсынған деректерге сенсек, қалаларды ауызсумен қамтудың жос­пар­лы көрсет­кішіне құны 3,6 миллиард тең­геге бағаланған 3 жоба аясында қол жет­кізіліп отыр. Жобаны аяқтау үшін рес­публикалық бюджеттен 1 миллиард теңге қаражат бө­лінген. Ауылдық елді мекендердегі ауыз сумен қамтасыз ету көрсеткіші едәуір жақсарған.

Аталған көрсеткішке 4,4 миллиард теңгеге бағаланған 10 жобаны жүзе­ге асыру есебінен қол жеткізу көзделіп отыр. Осылайша тағы 6,5 мың ауыл тұрғыны орта­лық­тандырылған таза ауызсумен қамтамасыз етіледі. Жобаларды аяқтау үшін былтыр 2 миллиард теңге бөлінді. Осы ретте, 13 жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлену үстінде. Атап айтқанда, 6 нысанның құры­лысы салынса, жетеуі қайта жаңғыртудан өтеді. Аталған жобалар жылсоңына дейін аяқталуы тиіс, – дейді Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев.

Ведомство мәліметінше, өңірдің 18 елді мекенінде жерасты су қорының қаншалықты көлемде екенін анықтау мақсатында гео­логия­лық-барлау жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Аталған мақсатқа бюджет қоржынынан 370,2 миллион теңге қаражат бөлінген. Өткен жылы бұл жобалардың бесеуі аяқталса, биыл тағы 13 ауылда осы жұмыстарды аяқтау жос­парланып отыр.

Басқарма басшысы бізбен әңгімесінде жоспарланған 177 ауылды 2025 жылға дейін ауыз сумен қам­тама­сыз ету үшін жүзеге асырылуы тиіс жұмыс­тарды атап өтті.

68 ауылда сумен қамту желілері салына­ды. Қазір 30 ауылда жобалық-сметалық құжаттар жасалған. 2023 жылы – 18, ал 2024 жылытағы 15 ауылда жобалық құжаттамалар аяқталмақ. 37 ауылда су беру бекеттері орнатылып, сүз­гілі ұңғымалар қазылады. Оған қоса, Мемле­кет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігі «Көкшетау қала­сында су құбырын тазарту қондырғыларын кеңейту және жаңғырту» атты жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Мердігер болып «СаspiаnСоntractorsТгust» компаниясы анықталды. Жобаға сәйкес суды залалсыздандыруды кон­тей­нер­лерде сұйық хлорды қолданып, іске асыру қарастырылған. Жоба жүзеге асырылса, Көкшетау қаласы тұрғындарын толығымен қажетті мөлшерде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл жобаны жүзеге асыру 2024 жылға жоспарланып отыр. Демек, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қарастырылып жатқан осы шаралар қазір ауыз суының сапасы ешкімді де қанағаттандырмайтын облыс орталығы тұрғындарының неғұрлым сапалы ауыз суды тұтынуына қолайлы жағдайлар туғызады деген сенімге жетелейтіндей.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар