Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министрлік Бурабайдағы лагерьде баланың өліміне қатысты түсінік берді - АРҚА АЖАРЫ

Министрлік Бурабайдағы лагерьде баланың өліміне қатысты түсінік берді

– Оқу-ағарту министрлігі Ақмола облысының «Балдәурен» сауықтыру орталығында 14 жастағы баланың қайтыс болуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан лагерьге барды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, білім басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама баланың қатерлі ісікпен ауырғанын көрсетті, оның салдары ішкі қан кетуді тудырған. Құрылған комиссия жұмысын жалғастырып жатыр», — делінген министрлік ұсынған мәліметте.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін, «Балдәурен» сауықтыру орталығының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұжымы баланың туғандары мен жақынына қайғыра көңіл айтатынын жеткізді.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, баланың қазасы туралы бүгін, 11 қаңтарда, сағат 06:36-да Бурабай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

«Анықталғандай, жасөспірім 9 қаңтарда Ақтөбе облысынан Бурабай ауданына балалар тобының құрамында келген. Қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні жасөспірім іші ауырып тұрғанын айтқан. Таңертең сағат 05:00 шамасында ауырсынудың күшеюіне байланысты кешеннің медициналық бөліміне жүгініп, жедел жәрдем шақырылған. Алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмған. Алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықтың сыртқы белгілері байқалған жоқ», — деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ оқу-сауықтыру орталығының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмыс істеп жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар