Ақмола өңірінің жан-жануарлар әлемі сан алуандығымен, сондай-ақ, санының тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Облыстық орман шаруашылығы және жан-уарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамының және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» кәсіпорнының басты міндеті – жабайы аңдардың санын көбейту, олардың мекендеуіне қолайлы жағдай жасау, браконьерлікпен күресу, аңшылықты тәртіпке келтіру, бір сөзбен айтқанда, аңдар әлемін қорғау болып табылады.
Аңшылық шаруашылығының субъектілерімен 570 адамнан тұратын қорықшылық қызметі құрылды. Әрбір қорықшыға учаске бекітіліп берілді. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін қорықшылық қызметіне сегіз жүзге жуық техника бөлінді. Оның ішінде 439 автокөлік, 47 трактор, 7 мотоцикл, 176 шана, 33 жылқы, қайық, ұшақ және өзге де техникалар бар. Биылғы жылдың алты айында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары 300-ге жуық аң мен балық аулау ережесін бұзғандарды анықтап, 2 миллион 700 мың теңгенің айыппұлын салды.
Олжас ҚАРПЫҚОВ,
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы.
![]()

