Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төзбеушілікпен қарайық - АРҚА АЖАРЫ

Төзбеушілікпен қарайық

Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыруға кірісті.

Бұл мақсатта департамент 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жоспарын жасады. Департамент қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық болуының алдын алу мақсатында департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексінің, қызмет этикасы жəне жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормалардың, қызмет жəне еңбек тəртібінің талап- тарын қызметкерлердің қатаң сақтауы үшін жұмыс жүргізуде. Əкімшілік, құқық бұзушылық жəне тəртіпсіздік жасау тəрізді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкердің беделіне нұқсан келтіретін келеңсіз жағдайға департаменттің лауазымды тұлғасының баруына жол бермеу мақсатында тиісті түсіндіру- алдын алу жұмысы жүргізілуде. Еліміздегі сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретіндіктен, бұл келеңсіздікпен күресу үшін мем- лекет пен қоғам күштерін біріктіруі керек. Бізде қазіргі заман талабына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейді. Оның негізі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» жəне «Мемлекеттік қызмет туралы» заң болып табылады. Мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыстарды кешенді жүзеге асыратын арнайы өкілетті орган құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында халықаралық əріптестік белсенді жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа барған мемлекеттік қызметкерлердің лауазымына қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауапқа тартылады. Мұндай қағидат жаңа Қылмыстық кодексінде белгіленген. Сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған тұлғаға ешқандай жеңілдік жасалмайды, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқынан айырылады. Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін нығайтумен қатар олардың əлеуметтік кепілдігі жетілдірілуде. Мемлекеттік қызметкерлердің əлеуметтік жағдайын жақсарту жəне олардың өз міндеттерін адал атқару үшін кезең-кезеңмен мемлекеттік аппараттың еңбекақысы көбейтілуде. Ақпаратқа қолжетімділік кеңейтілді. Бұл электрондық үкімет, мемлекеттік жəне жекеменшік құрылымы ресурстарын құруға ықпал етті. Сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде азаматтардың кедергісіз хабарлауы үшін жағдай жасалды. Оның ішінде сенім телефондары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары бар. Жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тəрбиелеу маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытылатын курстармен барлық оқу орындарын, мемлекеттік органдар мен бүтін азаматтық қоғамды қамту қажет. Сыбайлас жемқорлықты жек көру, адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасы əр қазақстандық азаматтың ұстанымы болуы тиіс.

Нұрлан СЕЙДАЛИН,

мемлекеттік бақылау бойынша облыстың мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар