Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ресейден Қазақстанға қыдырып келген 45 турист жолда қар құрсауында қалған - АРҚА АЖАРЫ

Ресейден Қазақстанға қыдырып келген 45 турист жолда қар құрсауында қалған

– Ақмола полицейлері Ресейден келген 45 туристі қарлы трассадан жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

24 ақпан күні патруль полиция батальоны №4 взводының командирі Ерлан Дарбаев пен инспектор Санжар Қожағұловқа «Жақсы – Есіл – Бұзұлык» автожолында Ресей Федерациясының 45 азаматы бар автобус тұрғаны туралы хабар түскен.

Мән-жайды анықтау барысында Ресейдің Челябинск қаласындағы туристік фирмаға тиесілі автобус Астана қаласына 45 туристі алып келе жатқаны белгілі болды.

Бір топ адам түнде Қостанай қаласынан шыққан. Алайда ауа райының қолайсыздығына және қозғалыстың шектелуіне байланысты көлік құралы қарлы жолда тұрып қалған.

Полиция экипажы туристер тамағын ішу үшін жақын маңдағы дәмханаға, содан кейін Есіл қаласындағы жылыту пунктіне дейін автобусты ертіп жүрді.

Шетелдіктер полицейлерге алғыс айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар