Жуырда Ақмола облысының прокуратурасында Ақмола облыстық соты мен аудандық, қалалық соттар төрағаларының, мамандандырылған соттардың, сондай-ақ, облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.
Онда сот-тергеу практикасының проблемаларына, сонымен бірге, қылмыстық қудалау әрекеттеріне тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын сақтауға байланысты мәселелер айтылды. Қатысушылар қылмыстық істерді тергеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді талқылап, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұзуға жол бермеу жөнінде нақты ұсыныстар енгізді.
2022 жылы криминогендік жағдай қылмысты тіркеудің 21,2 пайызға (6 744-тен 5 317-ге дейін) төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді. Ауырлықтың барлық санаттары бойынша төмендеу байқалады. Осы орайда, ұсталған азаматтардың саны 24 пайызға (690-дан 525-ке дейін) азайды.
Облыс прокуроры А.С.Майлыбаев сот-тергеу практикасын жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Судьялар корпусы жүйелі негізде осындай кездесулер өткізуге және қылмыстық қудалау органдарының тергеу бөлімшелерінің жаңадан бастаған қызметкерлері үшін семинар-сабақтар өткізуге дайын екендігін білдірді.
Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.