Еліміздегі Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауына Жақсы ауылының тұрғындары да белсенді қатысуда.
Жақсы ауылындағы №475 сайлау учаскесінде 1198 сайлаушы тіркелген. Олардың 20-сы үйден дауыс беруге өтініш берді. Сағат 09.35-тегі жағдай бойынша аталмыш учаскеде 201 адам дауыс берді. Дауыс беру Астана уақыты бойынша кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Маңызды саяси науқаннан шет қалмай өз таңдауын жасауға келген Жақсы ауылы тұрғындарының көңіл-күйі көтереңкі. Жарқын болашақ үшін дауыс беруге келгендер қатарында Жүсібалиндер (суретте) отбасы бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Жақсы ауданы.