– Ақмола облысында ағын суға батып кеткен трактор жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 7 сәуірде сағат 04:07 шамасында Бұланды ауданының Қараөзек ауылы маңында болды. Алдын ала анықталғандай, Макинск қаласының 36 жастағы тұрғыны трактормен Қайрақты өзенінің суы жайылған жолдан өтпекші болған. Алайда, жүргізушісі көлікті басқара алмай трактор суға кеткен.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері бірлесіп, трактор жүргізушісін іздестіруде. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», – деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, құзырлы органдар жолдың осы учаскесінде «қозғалысқа тыйым салынады» жол белгісі орнатылған екі бетон блок қойылғанын айтуда.
«Қазіргі уақытта бұл ақпарат тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатын болады», – деп қосты ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда кран құлап, бір адам көз жұмағанын жазған едік.