Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Кенеш Ғалибекұлы 1978 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «заңгер» біліктілігі бойынша, 2007 жылы — Зулкайнар Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін — «есеп және аудит бакалавры», 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қостанай қаласы «Қостанай автобус паркі» ЖШС заңгері болып бастады. Әр жылдары әртүрлі басқарушылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Тағайындауға дейін Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар