Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Газет-журналдарға жазылымды енді Post.kz сайты мен қосымшасында жасауға болады - АРҚА АЖАРЫ

Газет-журналдарға жазылымды енді Post.kz сайты мен қосымшасында жасауға болады

Енді қазақстандықтар отандық және шетелдік басылымдарға Қазпоштаның сайты мен Post.kz мобильді қосымшасы арқылы жазыла алады. Ол үшін клиенттерге: https://post.kz/internet-subscription сілтемесі бойынша тіркелу немесе Post.kz қосымшасын орнату қажет.

Басылымды фильтр көмегімен немесе тез іздеу батырмасы арқылы индекс/басылым атауын теру жолымен таңдауға болады. Газет-журналдарға жазылу үшін, клиент басылым санын, жазылу мерзімін көрсетіп, кез келген банк картасымен төлем жасауы керек. Қызмет 24/7 қолжетімді және жеткізілім клиент көрсеткен мекенжай бойынша іске асырылады.

Жазылу бағасы әр басылым бойынша ең қысқа мерзімге көрсетіледі. Қазіргі таңда тұрғындар 1761 басылымға жазыла алады, оның ішінде 460 республикалық, 422 өңірлік және 879 шетелдік газет-журнал бар.

Одан бөлек Post.kz қосымшасы Google Play/AppStore арқылы Android/IOS операциялық жүйесі бар ұялы телефондарда қолжетімді екенін еске саламыз. Сонымен бірге, Post.kz қосымшасының қолданушылары келесі пошта және қаржы қызметтерін пайдалана алады: сәлемдеменің трек нөмірі арқылы оның мәртебесін көру, коммуналдық қызметтер, төлем карталарын рәсімдеу, ҚР кез келген банк картасына аударым жасау және т.б. қызметтер.

Науқан аясында қандай басылымдарға жазылуға болатыны жайлы ақпаратты газет-журналдар каталогынан білуге болады.

2023 жылға арналған мерзімді басылымдардың каталогы

Дереккөз: www.kazpost.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар