Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 40 елден 500-ден астам спортшы қатысуда.
Ақмола облысынан барған №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі Елизавета Якименко үш секіруден 12 метр 06 см нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді.
Елизавета бапкері Алмагүл Әділованың жетекшілігімен жаттығады.