Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

– Бүгін қазақ халқының даму әлеуетін ондаған жылдарға кешеуілдетіп, адами капиталын орны толмас шығынға ұшыратқан ХХ ғасырдағы саяси нәубеттердің құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дата 1920 жылдан басталып, 1987 жылға дейін толқын-толқынмен жалғасқан саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алуға арналған. Ресми тарих дәл осы кезеңде қазақ халқының бас көтерер асыл перзенттері де, қарапайым қауымы да саяси қуғын-сүргін машинасының бүкіл азабы мен ауыртпалығын бастан өткерді деп есептейді.

Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы Заң алғаш рет 1993 жылдың 14 сәуірінде қабылданған болатын. Содан бергі 30 жылдың ішінде құжат 7 рет жаңартылыпты. Соңғы жаңарту 2023 жылдың 19 сәуірінде қабылданған. _

Ол редакция 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытындысынан кейін қабылданатыны айтылған еді.

Дегенмен заңдағы ақталуға жататын тұлғалар мен ақталуға жатпайтын тұлғалардың санаты 30 жыл бұрынғы редакциясындағыдай өзгеріссіз қалған. Тек 6-баптың «а» тармағындағы «зорлық-зомбылық» деген сөздің орнына «терроризм» деген сөз қойылған.

Сонымен қолданыстағы заң бойынша саяси-қуғын сүргін құрбаны ретінде жаппай ақталуға жататын тұлғалар мынандай айыптары үшін сотталған болуы керек:

4-бап. Мынадай айыптары үшiн сотталғандардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады:

а) революцияға қарсы үгiт-насихат жүргiзгенi;

б) шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы ережелердi бұзғаны (дiни топтардың алым қаражаттарын күштеу арқылы жинағаны, дiни құрыптарды атқаруға бөгет жасағаны үшiн айыптау бойынша сотқа тарту жағдайларынан басқа реттерде), яғни 1958 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттiк қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы» КСРО Заңы қабылданғанға дейiн қолданылған РКФСР Қылмыстық кодексiнiң 58, 122, 123, 125, 126-баптары бойынша;

в) кеңеске қарсы үгiт және насихат жүргiзгенi;

г) мешiт пен шiркеудi мемлекеттен және мектептi мешiт пен шiркеуден бөлу туралы заңдарды бұзғаны;

д) КСРО-ның қоғамдық құрылысын даттайтын қасақана өтiрiк қауесеттер таратқаны үшiн, яғни Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 56, 130 (1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақ КСР-iнiң Заңы қабылданғанға дейiн қолданылған редакцияда) 170-1 баптары бойынша.

5-бап. Мынадай саяси себептермен сотталған адамдардың бәрi ақталуға жатады:

а) мемлекеттiк және басқа қылмыстары үшiн сотталғандар;

б) саяси қуғын-сүргiндермен байланысты жазасын өтеп жатқан бас бостандығынан айыру орындарынан, айдаудан, жер аударудан, арнайы қоныс аударудан, не бас бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту орындарынан қашып шыққаны үшiн сот емес органдар шешiмдерiмен сотталғандар немесе жазаланғандар;

в) саяси тұтқындардың бас бостандығынан айыру орындарында қарсыласу қозғалысына қатысқаны үшiн сот емес органдар шешiмiмен сотталғандар немесе жазаланғандар;

г) Бүкiлодақтық Төтенше Комиссия, Саяси бас басқарма — Айрықша Саяси бас басқарма, Iшкi iстер халық комиссариаты басқармасы — Iшкi iстер халық комиссариаты, Мемлекет қауiпсiздiгi министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi органдарының, прокуратура мен оның алқалары, «айрықша кеңестер», «екiлiк», «үштiк», сот қызметiн жүзеге асыратын басқа да органдар шешiмдерi бойынша қылмыстық жазаға тартылғандар.

6-бап. Осы Заңның 5-бабында аталған, соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес органдардың шешiмдерiмен қылмыстық жазаға тартылған, iстерiнде мына төмендегi жасаған қылмыстары жеткiлiктi дәлелденген адамдар ақталуға жатпайды:

а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, зорлық-зомбылық, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;

б) жай халық пен әскери тұтқындарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк;

в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар