Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жерлес ақын Қорғанбек Аманжол – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері - АРҚА АЖАРЫ

Жерлес ақын Қорғанбек Аманжол – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Өлең-жырға Көкшетаудың биігінен қанат қаққан Қорғанбек Аманжол бүгінгі таңда нағыз бабында, шығармашылығы толысқан кемел ақын. Әр жылдары Көкшетау облыстық «Көкшетау» газетінің жауапты хатшысы, республикалық «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, республикалық «Дала дидары» газеті бас редакторының орынбасары, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Алматыдағы бөлімшесінің жетекшісі сияқты қызмет баспалдағымен өрге өрлеген белгілі қаламгердің қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны «Зеренді қарағайлары», «Мақтай Сағдиев», «Ғибрат пен зұлмат», «Біржан бұрмалары», «Бірәлі-дастан», «Сабат», «Мешітті ғалам», «Ақиреттік аманат», «Жырлаймын Көкшетауымды», тағы басқа да прозалық және поэзиялық кітаптарынан жақсы көріне түседі. Сонымен бірге, ол аударма саласында да жемісті еңбек етіп, бірнеше тарихи-танымдық және көркем шығармаларды орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалаған. Солардың ішінде Герман Меллвилдің «Моби Дик немесе Ақ Кит» романы да бар.
Үстіміздегі жылдың тамыз айының 25-і күні Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы секретариатының мәжілісі өтіп, оның шешімімен жерлес ақынға «Алапа» өлеңдер жинағы үшін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілген еді. Газетіміздің осы беті қатталып жатқанда, Алматыдағы Жазушылар одағында өзге де бір топ қаламгерлермен бірге, Қорғанбек Аманжолға осы әдеби сыйлықтың салтанатты жағдайда табыс етілгендігі жөнінде қуанышты хабар да келіп жетті.
Туған топырағы, шыққан ортасы болған соң, бір ұлының осылай бәйге төрінен көрініп жатқандығы көрікті Көкшетау, қасиетті Қараөткел өңірлері үшін де үлкен мерей екендігі айтпасақ та түсінікті. Сондықтан, біз де бұл күндері республикалық «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары болып жемісті қызмет атқарып жүрген қарымды қаламгерді әдебиет майданындағы тынымсыз еңбегімен келген белді сыйлығымен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
«Арқа ажары» газеті редакциясының ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар