Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2023 жылғы 1 шілдеден бастап жәрдемақы төлемдерінің көлемі артады - АРҚА АЖАРЫ

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жәрдемақы төлемдерінің көлемі артады

2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII  Әлеуметтік кодексі ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе айлық есептік көрсеткішті көбейтетін және жәрдемақы сомасын есептейтін коэффициенттердің ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен берілетін жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуды көздейтін жаңа жәрдемақы мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ол:

  • мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • асыраушысынан айырылу жағдайындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы;
  • 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы;
  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлері;
  • мүгедектік/асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төлемдері;
  • бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы.

Мысалдар,

  • мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (жалпы ауру):

(теңге)

   2023 ж. 01.01. мөлшері   2023 ж.01.07. мөлшері
1 топ 77889 89248
2 топ 62068 71398
3 топ 42190 48681

 

  • асыраушысынан айырылу жағдайындағы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы:

(теңге)

   2023 ж. 01.01. мөлшері   2023 ж.01.07. мөлшері
Асырауындағы 1 балаға 34888 37322
Асырауындағы 2 балаға 60445 68964
Асырауындағы 3 балаға 75049 91276
Асырауындағы 4 балаға 79512 105475
Асырауындағы 5 балаға 82352 111560
Асырауындағы 6 және одан көп балаға 85597 121701

 

  • мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы:

(теңге)

   2023 ж. 01.01. мөлшері   2023 ж.01.07. мөлшері
мүгедек баланы тәрбиелеуге жәрдемақы 56794 65313

 

  • 1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы:

(теңге)

   2023 ж. 01.01. мөлшері   2023 ж.01.07. мөлшері
1-топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы 56794 65313

 

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың кейбір түрлері:

(теңге)

   2023 ж. 01.01. мөлшері   2023 ж.01.07. мөлшері
саяси қуғын-сүргін құрбандары 3692 4244
Қазақстан Республикасына арнаулы қызметтері үшін 3692 4244

 

  • бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы:

(теңге)

бұрын «Батыр-ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталғандарға жәрдемақы 22080 25530

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2023 жылғы 25 мамырдағы №400 «2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» Қаулысына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 2023 жылдың  1 шілдеден  бастап 14,5 пайызға өседі.

Ақмола облысы бойынша бұл төлемдердің орташа сомасы 01.07.2023 жылға дейін 28339 теңге, 01.07.2023 жылдан бастап 32465 теңге, алушылар саны 6403.

Барлық сұрақтар бойынша  әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына — 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).

«Азаматтарға арналған үкімет»
Мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар