Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрме ішіндегі көрме: «Бір ауыл – бір өнім» - АРҚА АЖАРЫ

Көрме ішіндегі көрме: «Бір ауыл – бір өнім»

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурсын өткізу тарихында тұңғыш рет «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі ұйымдастырылып, онда ақмолалық өндірушілердің бірегей және ерекше өнімдері ұсынылды. Сөйтіп, бұл өнімдер үлкен көрменің ұлттық реңін келтірді.

Жобаға қатысушылар сүт, ірімшік, ет өнімдерін, микрожасылдарды, этностильдегі бұйымдар мен киімдерді, зергерлік бұйымдарды, эпоксидті шайырдан жасалған суреттерді және тағы басқа тауарларды ұсынды.

Көрме қонақтарын құрттан жасалған өнімдер таң қалдырды. Кәдімгі, дөңгелек пішіннен басқа, қазақтардың сүйікті ас мәзірі шаршы, сабақтар, таяқшалар және басқа да конфигурациялар түрінде пайда болды. Ұлттық өнімді Ерейментау ауданының тұрғындары ұсынды. Өз өнімдерін одан әрі ілгерілету мақсатында Қарағайлы ауылынан бес әйел – Назым Шахабаева, Баян Жолдасбаева, Эльмира Бердімұратова, Салтанат Әбдіназар, Гүлнар Қазкенова «Бұйратау» кооперативіне бірікті. Әзірге олар шикізат пен өнімді өздерінің жеке аулаларында өндіреді, алайда, алдағы уақытта өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.

Олардың жерлесі Үмітгүл Абдолла да Тайбай ауылынан өз құртын алып келді. Ол жобаға қатысқанына қуанышты, «Бір ауыл – бір өнім» өз-өзін тануға және жаңа таныстар табуға мүмкіндік береді дейді. Айта кетейік, Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшелері жоба аясында кооператив құру идеясын ұсынды.

Атбасар ауданының тұрғыны Марина Кондратенко шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар дайындайды. Өнім өндіру кезінде кәсіпкер өңір тұрғындарынан сатып алынатын жергілікті шикізатты пайдаланады.

–«Бір ауыл – бір өнім» елде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Мен –кәсіпкер» жобасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бір ерекшелігі ол аймақтағы бірегей өнімді іздеуге, жергілікті тауарлар мен өнімдер өндірісін дамытуға бағытталған. Жобаға кәсіпкерлік бастамасы бар елді мекендердің тұрғындары, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ, тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестіктері қатыса алады, – деп атап өтті өз сөзінде Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Көрме қорытындысы бойынша он екі қатысушы Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың жобалары Өңірлік бренд-комитеттің отырысында қаралатын болады, оның қорытындысы бойынша үздік жобалар, оларды одан әрі экспорттау мақсатында нарыққа ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар