Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлық деген жегі құрт - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлық деген жегі құрт

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру айлығы аясында «Ашық есік» күні өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес және экономикалық тергеу қызметінің қорытынды көрсеткіштері жайлы ақпарат берілді.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Жәнібек Шәмпіков сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қызметкерлерге жеткізу жөніндегі шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұратындығын айта келіп, тиісті қызмет бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынас жасаудың арқасында өз қатарларын тазарту жөніндегі жұмыстың белсенді жүргізіліп отырғандығына тоқталды. Атап айтар болсақ, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ұлттық бюро департаменті мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасарының «МультиСофт Еуразия-Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорынан Қазақстан Республикасының салық кодексін бұзушылық фактісі бо-йынша әкімшілік сипаттағы шараларды қолданбағаны үшін 300000 теңге көлемінде пара алғандығын анықтады. Аталмыш іс бойынша серіктестік директорына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жәнібек Жеткергенұлы өз сөзінде кез келген азамат мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құбылысының қандай да бір фактілері белгілі болған жағдайда ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарласа алатындықтарын атап айтты.
Профилактиклық жұмыс пен бақылау басқармасының басшысы Қоныс Жұмағұлов үстіміздегі жылдың сегіз айында «көлеңкелі» экономика мен экономикалық қылмыстар саласында 297 қылмыс анықталғанын, мемлекетке келтірілген шығынның 2 миллиард 861 миллион теңге құрағандығын тілге тиек етті. Өндірістегі 543 істің 253-і аяқталған, 53 іс сотқа жіберілген.
Белгіленбеген үлгідегі немесе жасанды маркалары бар алкогольдік өнімдердің сатылуын анықтау, сондай-ақ заңсыз алкогольдік өнімдердің сатылуын азайту мақсатында журналистер назарына Wipon сервисінің бағдарламасы ұсынылып, келген қонақтарға облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Қарсақ ХХІ ғасыр» студиясымен бірлесіп түсірген мүлікті жария ету жөніндегі бейнеролигі көрсетілді. Шара соңында кедендік блоктың қызметкерлері Көкшетау қаласының кедендік ресімдеу орталығының жұмысы туралы айтып, департаменттің кинологиялық қызметінің жұмысы көрсетілді.

Жанат СӘБИТОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар