Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
 Зияткерлік ойындар керек-ақ! - АРҚА АЖАРЫ

 Зияткерлік ойындар керек-ақ!

Жуырда Қажымұқан ауылында «Зияткерлік сынып-конструктор» жобасы іске асырылды.

Енді ауыл балалары бұл сыныпқа кез келген уақытта барып, білім саласына икемделген үстел үстіндегі ойындарды еркін ойнай алады.

Бұл зияткерлік ойындар сыныбы әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Ақмола облысы әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сергей Цырульниковтың бастамасымен ашылып отырғанын атап өткен жөн. Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ашылған сыныпта шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ үстел үсті зияткерлік ойындары қарастырылған.

Сыныптың салтанатты ашылу рәсіміне «Зияткерлік сынып – конструктор» жобасының авторы, қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың дәстүрін жалғастырушы Сергей Цырульников, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов және аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова қатысты.

Бұл жоба – мектеп оқушыларының өздерінің зияткерлік әлеуетін арттыруына, дамып, жаңа биіктерге ұмтылуларына үлкен мүмкіндік. Шынында да, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары баланың логикасының дамуына, ойлау қабілеттерінің артуына айтарлықтай ықпал етеді.

Жалпы, «Зияткерлік сынып-конструктор» жобасы Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі балалар мен жасөспірімдер арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарын насихаттау ісіне бейжай қарамайтындардың күш-жігерін біріктіреді. Жоба аясында құрылған арнайы сыныптар балалардың, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балғындардың ой-өрісін кеңейтуге жағдай туғызады. Бұл жобаны еліміздің танымал спортшылары, депутаттары, қоғам қайраткерлері қолдап отыр, себебі, жоба инклюзивті қоғам құруға бағытталған күш-жігердің бір көрінісі болып табылады.

Бұған дейін де облыста осындай 2-3 сынып ашылған болатын. Жоба авторының мәлімдеуінше, өңір аумағында бұл жоба одан әрі жалғасын тауып, түбі мектептердің барлығында да осындай зияткерлік ойын сыныптарының болуына бағыт ұсталады.

Ы.ШАМШИЕВА.

 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар