Облыс прокуратурасы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жұмыс кеңесін өткізді.
Онда пробация есебінде тұратын сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін жақсарту және «Еңбек» РМК «Еңбек-Көкшетау» филиалының өндірістік қуаттарын арттыру мəселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында пробацияда есепте тұрған, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және әкімшілік қадағалауда жүріп жатқан сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету, осы мақсаттарға жеке бизнес субъектілерін, қала құраушы кәсіпорындарды «Еңбек» РМК-сын тарту шаралары талқыланды.
Прокуратура Ақмола облысының ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың еңбек құқықтарын сақтауға да ерекше назар аударды.
Ақмола облысының прокуратурасы.