Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақтың шаңырағында тәрбие алдым - АРҚА АЖАРЫ

Қазақтың шаңырағында тәрбие алдым

енді сол қамқорлыққа сай боламын деген ойым бар

Менің мақтанышым – Отаным мен отбасым! Екеуі де мен үшін өте қымбат. Талай ұлттың құт мекеніне айналған Қазақ елі біздің баршамызды бір шаңырақ астында біріктіріп отыр.  
Тағдырдың жазуымен бала күнімде мен екі бауырыммен бірге ата-анамның қамқорлығынсыз қалдым. Бірақ та, мейірбан қазақ халқы бауырына басты. Бізді  Бұланды елінің азаматы Серік және Жаңылған Әкімбаевтар отбасы асырап алып, туған балаларынан кем қылмай өсіріп, тәрбиеледі. Өз балаларына қоса, 17 өзге ұлттың баласына ана махаббаты мен әке қамқорлығын сыйлады. Сол себепті, ұлтым поляк болса да, өзімді қазақ баласы деп есептеймін.  Біз жоғарыдағы қамқор жандардың арқасында жетімдік көрмей есейіп ер жеттік. Мен Көкшетау қаласының жоғары техникалық мектебін бағдарламашы мамандығы бойынша тәмамдадым.  Өзімнен кейінгі інім Антон газбен дәнекерлеуші мамандығын  меңгеріп, бұл күнде Астанада еңбек етуде. Кіші інім Алексей 10-сыныпта оқиды.  Біздің отбасымыз еліміздегі ұлтаралық келісімнің кішкене моделі іспеттес десем артық айтқандық емес. Ел мүддесі мен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеуде  отбасының, ата-ананың алар орны ерекше. Рухы мықты азаматтың болашағы да зор. Осыны түсінген ата-анамыз  Отанды сүюге, қазақ тілін құрметтеуге баулыды. Біз бұл үлкен шаңырақта еңбектің де, үлкендердің аялы алақанының да қадірін біліп өстік.
Мен Мәңгілік ел болуды көксеген көп ұлтты Қазақстанның ертеңгі болашағы екенімді жақсы ұғынамын. Өз қатарластарым сияқты менің де арманым асқақ, мақсатым биік. Сол арман-мақсаттарыма жету үшін ерінбей еңбек етуге дайынмын. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, отбасында алған тәрбиемен салауатты өмір салтын ұстанып, жас кезімнен спортпен шұғылданудамын. Көп жылдар бойы ерінбей-жалықпай жаттығуымның арқасында қазақ күресінен спорт шеберінің кандидаты нормасын орындадым. Отбасы өнегесімен мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін де жетік меңгеріп алдым. Қазақ жерінде тұратын әр адам осы тілді білуге міндетті деп білемін. Жалпы, бар жақсылықтары үшін ата-анама, ұстаздарыма  зор ризашылығымды білдіремін.

Геннадий ВЕЗДЕЦКИЙ.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар