Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Танысыңыз: «Русская песня» ансамблі - АРҚА АЖАРЫ

Танысыңыз: «Русская песня» ансамблі

Қазақ халқының бауырмалдығы мен кеңпейілдігінің арқасында  елімізде сан ұлттың өкілдері тату-тәтті күй кешуде.  Бұл ретте, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге және этникалық ұлттардың салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтауға белсене ат салысып келе жатқан өнер ұжымдары да баршылық.

 

Солардың бірі – аудандағы «Русская песня» ансамблі.  Ансамбль жергілікті ақын  Ирина Дееваның жетекшілігімен құрылған. Ол денсаулығына қарамастан, әртүрлі деңгейдегі мүшәйралардың жүлдегері. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ұйымдастырылған көптеген сайыстардың да жеңімпазы.   Ансамбльдің көркемдік жетекшісі  көзінің сырқаты бойынша бірінші  топтағы мүгедек болса да,  бойындағы өнерге деген іңкәрлік бір сәт те бәсеңсіген емес. Осындай өнерге деген қызығушылығының бір жемісі өзі құрған «Русская песня» ансамблі
болып табылады.
Ансамбль 2010 жылдың 1 қыркүйегінде өмірге келді.  Бұл іске сол кездегі аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлнәр Сыздықова қол ұшын созып, Мәдениет үйінен арнайы бөлме бөлді.  Бүгінде 10 қыз-келіншек, мектеп жасындағы 12 бала ән шырқайтын өнер ұжымының репертуа-рында 90-нан астам ән бар. Олар орыс және қазақ әндерін орындайды. Әсіресе, қазақтың халық әндерінен попурриді және «Үкілім-айды» құйқылжыта шырқағанда, тындарманның арқасын қоздырып, рухани  ләззат сыйлайды. Біздің өтінішіміз бойынша Ирина Деева ансамбльдің  алғаш сахнаға шыққан сәтін тебіреніспен еске алды. Оның айтуынша, әншілер қатты қобалжыған көрінеді. Олардың орындаған «Уральская рябина»  әнін залдағы көрермендер бірге шырқағанда төбесі көкке бір елі  жетпеген екен.
–  Біз ән таңдағанда ұзақ кеңесеміз. Әсіресе, орыс халқының ескі әндерін орындағанды жөн санаймыз. Осы ретте, ансамбльдің  Таисия Гришина, Светлана Сабирова сынды жезтаңдай әншілерін айтпай кетуге болмас. Олар ансамбльдің құрылғанынан бастап осы күнге дейін халықты өз өнерлерімен тәнті етіп, жеткіншектерге білген-түйгенін үйретумен жүр,  – дейді ол.
Ауданда ансамбльдің қатысуынсыз бірде-бір  концерт өтпейді. Тіпті, Елордада өткен түрлі шараларға шақырылып,  талай рет өнер сүйген жүректерді әуезді әндерімен тербеген. Түрлі байқаулардың жүлдегерлері атанған ансамбль мүшелері бірнеше жыл қатарынан  славян халықтарының масленица мерекесін ұйымдастыруда да көзге түсіп жүр. Олар театрландырылған қойылым қойып, тұрғындарға естен кетпес әсер сыйлайды. Ансамбльдің шығармашылық жетістіктері халықтық деген құрметті атаққа да лайық болғандықтан, биыл осы марапатқа ұсынылған. Болашаққа деген жоспарлары да жетерлік. Соның бірі – аудандарға өнер сапарына шығып, халықтың  қошеметіне бөлену. Әсіресе, Қарттар мен балалар үйлерін аралап, оларды  сазды әуендерімен баурағылары келетіні өте құптарлық жай.

Ырысгүл АШУОВА.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар