Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты мақсат – сотқа деген қоғамның сенімін арттыру - АРҚА АЖАРЫ

Басты мақсат – сотқа деген қоғамның сенімін арттыру

Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы МАӘС-пен бірлесіп, құрамында мемлекеттік органдардың қызметін құқықтық сүйемелдеумен айналысатын әкімшілік органдардың өкілдері бар сараптамалық кеңестің кездесуін өткізді.

Кездесуде сот жүйесімен байланыс тетіктерінде әкімшілік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, судьялардың баяндамалары тыңдалды, ӘРПК нормаларын дұрыс қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулық ұсынылды. Сондай-ақ, отырыс барысында судьялар сот практикасын түсіндіріп, ӘРПК мен нормативтік-құқықтық актілердің кейбір ережелерін қолдануда жиі жіберілетін қателіктерді талқылады. Онда мемлекеттік органдардың назары келесіге аударылды. Ұқсас мән-жайлармен заңды күшіне енген сот актілері болған кезде татуласу мүмкіндігін қарау, әкімшілік актілерде және жауаптарда оларға шағымданудың нақты мерзімдері мен тәртібін көрсету.

Отырысты қорытындылай келе, Ақмола облыстық сотының ӘІЖСА төрайымы Нәйля Нұралыева әкімшілік органдарда азаматтар мен ұйымдардың дәлелдерін үстірт зерттеуге жол бермей, өтініштерді қарау практикасын жетілдіру, сондай-ақ, берген жауаптардағы шаблондылықтан бас тартуды ұсынды. Облыстық сот құқық қолдану практикасындағы жүйелілік проблемаларды анықтау және оларды болдырмау бойынша жұмысты алда да жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, кейінгі уақытта Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарының әкімшілік істерді қарайтын судьялары да мәслихат, қоғамдық кеңес, кәсіпкерлік субъектілері, заң қоғамдастығы және әкімшілік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.

Ақмола облыстық сотының
әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар