Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Педагогтардың пәндік құзыреттіліктері дамытылды - АРҚА АЖАРЫ

Педагогтардың пәндік құзыреттіліктері дамытылды

Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі мен тұрақты кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші факторлардың бірі. Осыған орай ағымдағы жылғы қыркүйек айының 4-15 аралығында Көкшетау қаласында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»акционерлік қоғамы филиалының ұйымдастыруымен Ақмола облысы бойынша кәсіби дамыту институтында «10-11»сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған педагогтардың пәндік құзыреттіліктерін дамыту курсы өткізілуде. Аталған курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының білікті маманы Ботагөз ХамзақызыАлькенова жоғары деңгейде өткізуде.

Курс бағдарламасықазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің пәндік және әдістемелік құзыреттілігінің сапасын арттыруға арналған.Атап айтқанда, тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары қамтылған. Сондай-ақ, критерийлі бағалау мәселелері де құзыретті болуды талап етеді.

Пәндік құзыреттілікті дамытуға бағытталған курста қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беру кезінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, білім берудің жаңа талаптарына сәйкес оқыту, оқушыларға сапалы білім беру,  сапасын арттыру үшін сабақ барысында жаңа заманауи технологияларды қолдану дағдыларын меңгердік.

Курсқа қатысушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріөткізіліп жатқан курста пәндік құзыреттіліктерін дамыту тақырыбын тереңдете отырып, қорытынды жасады. Сонымен қатар,тақырыпқа байланысты «Padlet» және «Lenoel» платформаларымен тапсырмалар құрастырып, орындай білді. Топтық және жеке жұмыстар жасау арқылы да тақырыптарды өзара түсіндіре алды.

Курс барысында педагогтар алған білімдерін пысықтау мақсатында жобалар қорғап, әріптестерімен өз білімдерімен бөлісті. Теориялық және практикалық білімдерін молайтып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, құнды ақпараттарға қанықты.

Аталған курс мұғалімдер үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың теориялық, практикалық және әдістемелік негіздері тұрғысынан пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге және пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған бағдарламаның мазмұнды, пайдалы болатынына сенімдері мол.

Курс соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына өз ризашылықтарын білдіре отырып,  әріптестеріне сәттілік тіледі.

Римма ШАЙМЕРДЕНОВА,
Көкшетау қаласындағы №1 мектеп гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар