Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпорын шығаратын құрылғылар астық кептіруге көп пайдасын тигізуде - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпорын шығаратын құрылғылар астық кептіруге көп пайдасын тигізуде

Орақ науқаны әліде жүріп жатыр. Осыған орай, өткен аптадаауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен Астрахан ауданы «AZAM-КС» ЖШС мен Бұланды ауданында орналасқан «Журавлевка-1» ЖШС  элеваторлық жабдықтар зауыттарына баспасөз туры өткізілді.

Өңірімізді астық кептіру және тазалау жабдықтарымен қамтамасыз етіп отырған AZAM-компаниясы 2012 жылы ашылып, жұмысын бастаған.  Ол астық кептіру кешендері мен элеваторларға астық тазалау құралдары, көлік құралдарын, сақтау жүйелері, тұқым тазалау желілері, ангарлар, «БАСТАУ+» дәнді сепараторлары, жанама жылу генераторлары, тағы басқа егін шаруашылығына арналған жабдықтарды құрастырады. Зауыттың басты ерекшелігі, заман талабына сай автоматтандырылған. Құрылғыларға керек жабдықтар, бөлшектердің 65 пайызы елімізден әкелінсе, қалғанын шетелден әкеліп құрастырады. Жыл бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Өндіріс ошағында бояу, дәнекерлеу, жинау, тазалау,лазермен кесу қатарлы цехтар және техникалық бақылау бөлімі мен бөлшектер қоймасы орналасқан. Қазіргі таңда 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтуда. Оның 50-і өндіріс сыртында жұмыс істейді. Яғни, дайын құрылғыларды жеткізу мен орналастыру, үйрету жұмыстарымен айналысады. Айта кетерлігі, кәсіпорынға жеткізілген элеваторлық жабдықтарды арнайы 2 оператор жеткізіп, сол жердегі адамдарға үйретеді. Серіктестік субсидия және «Агропинанс» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Жасалған әрбір жабдықтармен құрылғыларға 12 ай кепілдік беріледі. Бүгінгі таңда отандық құрастыру өндірісі тек ірі астық қабылдау орындарында ғана емес, аймақтың шағын фермаларында да белсенді қолданылады. «AZAM-КС» компаниясы астық кептіру кешендерінің құрылысы бойынша қызметтердің толық кешенін ұсынады. Аталмыш құрылғымен күніне кемінде 1000 тонна астық кептіру мүмкіндігі бар.

– Биыл күзде жауын-шашынның мол болуына байланысты астық кептіру кешеніне сұраныс артып тұр, – деп өндіріс инженері Арғын Садауов жылына 15 кептіру, 30 тазалау құрылғысы шығарылатынын атап өтті. Қуаттылығы тәулігіне 300-400 тонналық КС-25 және 800-1000 тонналық КС-50 маркалы шахталы астық кептіргіштер шығарылады. Дәнді, бұршақ және майлы дақылдар: бидай, арпа, қара бидай, сұлы, жүгері, күнбағыс, соя, бұршақ, тары, қарақұмық, күріш, жасымық, зығыр, құмай, мақсары және басқа да азықтық дақылдарды, азық-түлікті жұмсақ және тиімді кептіруге арналған 50 тонналық кептіргішке 92 миллион қаржы кетеді. Бұндакептіру кешенінің өзге түрлері көп өндіріледі. Сондай-ақ, Ақмола, СҚО, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, ШҚО, Абай қатарлы облыстар мен Ресейдің Омбы қаласында өндірістің дайын жобалары орнатылған. Берген мәліметтерінше, осы уақытқа дейін аталған елдімекендерде 100 кептіргіш кешені іске қосылған. Солардың бірі Бұланды ауданы Капитоновка ауылында орналасқан «Журавлевка-1» ЖШС-ның жұмыс жағдайымен таныстық. Серіктестікте «AZAM-КС» зауытында өндірілген кептіргіш құрылғының іске қосылғанына 4 жылдан аса уақыт болған. Барлық егін өнімдері мен дәнді дақылдарды тазалап, кептірумен айналысады. Жұмыс өнімділігі күніне 1000 тоннадан кемімейді. Кәсіпорында дақылдарды еденге сақтауға арналған автоматтандырылған рамасыз ангарлар мен 7 астық қоймасы орналасқан. Қабылданып, тазалау мен кептіру құрылғысынан өткен бидай мен басқа да егін өнімдері осы қоймаларда сақталады. Әзірге қоймаларда орын бар болғанымен, астық толық жиналған уақытта сыймай қалу мүмкіндігіде бар. Ондай жағдайда, астық бірден сатылымға шығарылады немесе өзге де фермерлермен элеваторларға тасымалданады.

Ұзаққа созылған жауынды күндер бидайдың сапасының төмендеуіне, өнуіне және жоғары ылғалдылыққа әкелді. Міне, осы себепті егін шаруашылығында кептірумен тазалау, сұрыптау жұмыстары басты назарға алынған. Осы сапар барысында оның қалай жүргізіліп жатқанында аңғардық. Көзіміз жеткен, разы боларлық дүние осы отандық компания «AZAM-КС»-дан шығарылған кептіру және тазалау құрылғылары. Аса жұмыс күшін қажет етпей автоматты процес арқылы астықты қабылдап, дайын болған уақытында сыртқа шығарып отырады. Осы құрылғының арқасында еліміздің көптеген өңірлерінде астық кептіру, сапасын жақсарту жұмыстары ойдағыдай атқарылып жатыр деуге болады. Бір өкініштісі, өңірлік өндірістің қаржылық және мемлекеттік қолдау мәселесі оң нәтижелі емес екен. Бұл жайлы, журналистерге жұмыс жағдайын таныстырған компанияның инженері Арғын Еренғайыпұлы:

– Өзіміздің ауылдың қазақ азаматтарының ашқан компаниясы. Міне, оншақты жыл жұмыс жасап келеді. Еліміздің көп өңірлерінде құрылғыларымыз қолданылып жатыр. Сапасы туралы мін айтылмады. Сапасына сәйкес құны да жоғары болады. Осы себептенде, кейбір қожалықтар, фермалар сатып ала алмауда. Біз құрастырылған жабдықтарды жылдан-жылға, жаңа технология арқылы өзгертуге, оңтайлы етуге тырысудамыз. Өндіріске мемлекеттен қолдау мен қаржылай көмек керек, – дейді.

Жоғарыда айтқанымыздай, компания субсидия немесе несие арқылы қаржыландырылып келген. Мемлекеттен бәлендей қаржы бөлінбеген. Еліміздің бидай экспорты әлемде алдыңғы қатарда екенін ескерсек, аталмыш компанияның осы салада алар орныда жоғары болуы керек еді. Қолдау болса, аталмыш зауыттың отандық бренд ретінде өз өнімдерін Ресей, алыс-жақын басқа да елдерге экспорттау мүмкіндігі бар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Астрахан, Бұланды аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар