Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәрінен де шаршы топта сөз бастау қиын - АРҚА АЖАРЫ

Бәрінен де шаршы топта сөз бастау қиын

Жуырда Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің ғимаратында облыстық ішкі саясат басқармасы мен Ақмола пікірсайыс федерациясының ұйымдастыруымен студент-жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу және насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Үш би» атты облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Сайысқа арнайы аталған басқарма басшысының орынбасары Сабырхан Мейірханұлы, облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков, қалалық жастар-ресурстық орталығының басшысы Ерден Нұрмұхамет және жоғарыдағы федерацияның басшысы Нұрғасыр Бердібек қатысып, студент жастарға қолдау білдірді. Турнирге Ақмола және Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 16 фракция немесе 32 қатысушы бақ сынады. Пікірсайыс – сөз шешендігі мен ой ұшқырлығы сынға түсетін сайыс түрі. Өткізіліп отырған аталмыш дебат британдық парламенттік форматта жалғасты. Турнир шарты бойынша, сайысқа 8 ойыншыдан қатысып отырды. Олар өзара бекітілген қарарлар бойынша пікір білдіріп, орын алған мәселелерді қалай шешуге болатынын ұсынып, талқыға салды. Оған қоса, жаман және жақсы жақтарын да ашып, көрсете білді. Дебат үш іріктеу кезеңінен тұрды, соңғы финалдық ойындар тартысты, қызықты өтті. Пікірсайысқа арнайы бағалаушылар  да тағайындалған. Олардың қатарында облыстық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы Нұрдәулет Көшербаев бас төреші болса, Нұрғасыр Бердібек және «Алаш жолы» ұйымының басшысы Сырым Беген төрешілер болып, ойыншыларға өз бағаларын берді.

«Үш би» пікірсайыс турнирі тәртіпке бағынумен өткізілді. Ойыншылар бір-біріне құрмет көрсетіп, дәлелдер мен фактілерге сүйене отырып, өз ойларын даусыз жеткізді. Көпшіліктің алдында көсіліп сөйлеу және сыни тұрғыда ойлау шеберлігін арттыруды көздеген пікірсайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен қатысқан «Мәншүк пен Мэрлин» фракциясында ойнаған Ақбота Жанғлисова мен Шұғыла Мұратбек иеленіп, 150 мың теңгелік сертификат пен кубокты жеңіп алса, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің намысын қорғаған «Хайыр» фракциясындағы Аружан Серікбай мен Әйгерім Айтмұхамбет екінші орын мен 100 мың теңгенің иесі атанды. Ал, үшінші орын мен 50 мың теңгелік сертификат тағы да Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінен келген «Кубок біздікі» фракциясынан Мафтуна Нәжиева мен Жансая Пралиеваға бұйырды. Сондай-ақ, турнир шартында көрсетілгеніндей, үздік спикер ретінде Мұратхан Шүйіншибаев таңдалса, үздік төреші болған Нұрдаулет Көшербаевқа диплом мен бағалы сыйлықтар ұсынылды. Шара соңында сөз сөйлеген Сабырхан Кенжебаев:

– Біздің барлық қатысушыларымыз пікірсайысқа ұлттық нақышта келіп отыр. Дебаттық бағыт біздің облысымызда кең ауқымда дамып келеді. Қатысушылар да өте көп. Сондықтан да, біз бұл бағытты қолдаймыз, – деп жеңімпаздарды құттықтап, жастар мен қатысушыларға өз лебізін жеткізді.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар